Қыдыралыұлы: «Барлық аулаға ауызсу жетуі керек»

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ауылдарда жүргізіліп жатқан ауызсу құрылысының жұмыстарын көрді.
Жалпы Жамбыл ауданында биыл 3 елді мекен: Жаңаөткел,Жұма, Өрнек ауылдарына ауызсу тартылуда. Биыл жоспарлы жұмыстар аяқталса, өңірдің ауызсумен қамту үлесі 100 пайызды құрамақ.
Аудан басшысы мердігерлермен де жолығып, сапаға айрықша назар аударуды тапсырды.
– Бірде бір аулаға ауызсу жетпей қалу мәселесі туындамау керек. Түгел қамтыңыздар. Ауылішілік көшелерге жүргізілген құбырлардың да сапалы орналасуы маңызды. Бұл жұмыстар қатаң бақылауда болады. Абыроймен атқарып, ел игілігіне беруіміз керек, – деді Ерлан Қыдыралыұлы!