Қыл қалам ғұмыр
ҚР Мемлекеттік Туының авторы, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ш. Ниязбековтың 85 жылдығына арналған
«Шәкен Ниязбеков: қылқалам ғұмыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Биыл суретші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбековтың 85 жылдық мерейтойы аталып өтуде.
Мерейтойды атап өтудің мақсаты – Ш. Ниязбеков мұраларын дәріптеу, мемлекеттік рәміздерді кең көлемде насихаттау, жастардың бойына Отанға деген сезімді және патриотизді күшейту болып табылады.
Осы ретте, ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Тараз қаласы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында «Шәкен Ниязбеков: қылқалам ғұмыр» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілуде.
Конференцияға белгілі сәулетші, мемлекеттік Елтаңбаның авторы Ж.Мәлібекұлы, ҚР Парламенті Сенаты сенаторлар Кеңесінің және Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі Т. Мұқашев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, шығыс медицинасының академигі, медицина ғылымдарының докторы С. Шалқаров, суретші-график, КСРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Ф. Тарази, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі геральдикалық жұмыс басқармасының бас сарапшысы А. Айдарбек қатысуда.
Шара барысында Мемлекеттік рәміздер тақырыбы бойынша ҚР Ұлттық архивінің құжаттар көрмесі, Қазақстан Суретшілер Одағының сурет көрмелері таныстырылып, Ш. Ниязбеков туралы деректі фильм көрсетілді.