Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасты
Атырауда көрісу мерекесін жаңғырту мақсатында тұңғыш рет «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум өтті. Форум жұмысына облысымызда тұратын сан ұлт өкілдері бірлік пен ынтымақ аясында бір отбасының адамдарындай, жүздерінен қуаныш, шаттық шаша ұйымшылдықпен қатысып, өнерлерін паш етті.
Екі күн бойы тойланған форумға Қырғызстан, Түркия, Ресей, Өзбекстаннан т.б. 27 елді мекеннен арнайы қонақтар шақырылып, қатысты.
Форум аясындағы құттықтау сөз Атырау облысы әкімі Н.Ноғаевқа беріліп, «Барша қала қонақтары мен қала тұрғындарын бүгінгі «Көрісу» мерекесімен құттықтап, жүрек жарды ақ тілегін білдірді.
Шара барысында «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» мәз-мейрам болысты.
Форумның ашылу салтанатында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері белсенділік танытып, әр ұлт өздерінің құндылықтарымен таныстырып, тамашалағандарға ұлттық тағамдарын жайып, өз алдар
Осы ретте биылғы жылы осы күннен бастап «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігі де алдағы уақытта өз одақтарын құруды жоспарлап, бұл күні де өздерінің салт-дәстүрлі тағамдарын жайып, халыққа өз қол өнерлерін паш етті.
Форум халықтар достығын гүлдендіріп, болашаққа бірлігі жараса қадам баса беретініне сенімді нығайтты.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі