ҚЫРҒЫЗБАЕВТАР ОТБАСЫ — ЖҮЛДЕГЕР!

2024 жылдың 13 маусым күні Тараз қаласында «Әкелер күні» мерекесіне орай «Әкем анам және мен — спорттық жанұя» облыстық спорттық сайысы өтті.
Балалар мен ата — аналар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды, балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуді насихаттайтын бұл отбасылық сайысқа ауданымыздан Қырғызбаевтар отбасы қатысты.
Тоғыз отбасы қатысып, тартысты өткен сайыста аудан атынан қатысқан Қырғызбаевтар жанұясы жүлделі 2 орынға ие болды.
Аудан намысын қорғаған спортшы отбасымыз ұйымдастырушылар тарапынан дипломмен, медальмен және арнайы кубокпен марапатталды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі