Қысқа етек қыздарымызға не беріп жатыр?
Қысқа етек! Тар киім! Шорты-порты! Осылардың қыз баланың өміріне өте-мөте зиян екенін медициналық, физиологиялық, анатомиялық, қоғамдық-әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты ғылыми түрде зерттеп, елге ұсына алатын бір журналист бүгін ауадай қажет болып тұр. Өйткені көшеде қаптап кетті. Солардың бірі қарындасымыз, бірі қызымыз емес пе? Не деген немқұрайлылық! Енді бізге осыны айту үшін Абай, Ахмет, Әлихандар тіріліп келмейтінін бәріміз жақсы білеміз.
Бүгін қыздарымыз киіп жүрген киім оларға өте-мөте зиян ғой. Соны біліп тұрып неге айтпаймыз? Мысалы, джинсы қыз баланың омыртқасына өте зиян екенін бүгінде біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.
Қысқа етек киетін, ешқашан ұят туралы ойламайтын қыз балалардың бойынан әйелге тән гармониялардың да азайып кететіні мәлім.
Нәзіктік жоғалады!
Дауыс жуандайды!
Сыпайылық мінез жойылады!
Ұрысқақтық пен ашушаңдық қалыптасады!
Дөрекі сөздер қысылмай айтылады!
Нәпсіқұмарлық ерекше дамиды!
Бөтен еркектен қымсыну мінезі кетеді!
Санай берсек, өте көп.
Осылар бізге керек пе? Бейшара қыздарымыз көз алдымызда құрып бара жатқан жоқ па? Біз қалай алданып, қор болып, азғындап бара жатқанымызды білу үшін мына жазбаларға назар аударайық:
«…Психологи свидетельствуют, что 90% людей составляют свое мнение о другом человеке всего за полторы минуты и потом никогда его не меняют!!!
Поэтому так важно хорошее начало, важно произвести безукоризненное первое впечатление, особенно в такой деликатной области, как человеческие отношения. И В ЭТОМ ТЕБЕ ПОМОЖЕТ ЮБКА, КАК БЕЗУСЛОВНЫЙ КОНЦЕНТРАТОР МУЖСКОГО ВНИМАНИЯ, ПО КРАЙНЕЙ МЕРЕ НА ПЕРВЫЕ 30 СЕКУНД ЗНАКОМСТВА. ЭТО УЖЕ ТРЕТЬ СЛАГАЕМЫХ ТВОЕГО УСПЕХА У МУЖЧИН…»(http://www.realisti.ru/main/beauty?id=233 )
«…И если ты хочешь действительно хорошо и счастливо устроить свою жизнь, достичь каких-либо вершин в этой жизни и, главное, обрести свое женское счастье, то тебе НАДО НАЧАТЬ ИМЕННО С ОДЕЖДЫ, ОПРЕДЕЛЯЮЩЕГО ТВОЙ ВНЕШНИЙ ВИД, ЧТОБЫ СТАТЬ ЗАМЕТНО ПРИВЛЕКАТЕЛЬНЕЕ…» (Бұл да сонда)
«…ЮБКА на тебе – это первый шаг к твоему успеху в личной жизни…» (Бұл да сонда)
«…И хотя многие мужчины говорят, что, дескать, ногами их не возьмешь, подавай другие средства обольщения, психологи, специализирующиеся на женских тренингах, уверены: голые коленки при умелой подаче творят чудеса!..» (http://www.caravan.kz/article/76193 )
«…Мини-юбка — всегда в моде и придает женщине сексуальность …» (http://stil-no.com.ua/g2443675-yubki-dzhinsy-bryuki)
Мұндай материалдар ғаламтор бетінде сансыз көп. Бірақ осыдан-ақ бұл киімнің мақсаты белгілі болған шығар.
Ал енді ойланайық! Қыздарымыз бен қарындастарымызды, әйелімізді көшеге жартылай жалаңаш жібергендегі мақсатымыз не?
— Олар әдемі тәнін мыңдаған еркектің сұғанақ көзіне көрсетіп жүргені керек пе?
— Жыныстық әрекетке құмар болып, көшедегі еркектің бәрі қасына жинап алғанын қалаймыз ба?
— Әлде, онда тұрған не бар деп өз қызымыздың тағдырына немқұрайлы қарай саламыз ба?
— Ұят пен ар-намысқа мән бермейтін қыз өсіргіміз келе ме?
— Күйеуге тимей жатып, біреулердің қолжаулығына айналсын ба?
— Күні ертең жатырын суықтатып, бала көтере алмай ұрпақсыз қалғаны керек пе?
Киім – адамның ішкі рухының көрінісі саналады. Ішінде не болса, адам соны киген киімі арқылы да сыртқа паш етеді. Қазақтың иманды, ибалы, ары таза, пәк қыздары киіміне міндетті түрде мән беруі керек.
Мода деген тәкаппарлыққа жетелейтін шайтани құралдардың бірі.
Мұсылман қыз тәнін көшеге көрсету үшін емес, көрсетпеу үшін киінеді.
Кейде «Қалай киінуді әркім өзі біледі» дейміз де қоямыз. Адамға керектіні адамнан бұрын Алла Тағала жақсы білетінін ұмытпау керек.
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Киімдердің ең жақсысы тақуалық киімі» деп баян еткені бекер емес. Қыз бала Құдайдан қорқып киінуі керек. Басқа жұрттың киінудегі мақсаты – еркектердің назарын өзіне тарту болса, мұсылман қыздары керісінше, бөтен еркекке адал тәнін қолжаулық етпеуге бар күшін салады.
Ислам тәртібі бойынша, мұсылман қыз бала өзінің жетілген тәнін тек қана болашақ күйеуіне ғана көрсетуге тиіс.
Бұл айтылғандар біздің жеке ойларымыз ғана. Бірақ осы тақырыпты жақсылап тұрып зерттеп, халыққа түсіндіру нағыз күн тәртібіндегі мәселе деп ойлаймын. Қазақ қыздарының тағдырын өз ағалары уайымдамаса, өзгелер келіп, біздің жоғымызды түгелдеп бермесі хақ!
Асылбек Әуезханұлы