Қыстың қамы қатаң бақылауда

Қыр астында қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Алдағы бір айдан астам уақыттан кейін қысқы жылыту маусымы басталады.
Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік және өзге де нысандарды қыс мезгілінде жылумен қамтамасыз етуде қаладағы орталық қазандықтың маңызы зор.
Бүгін ауданға жұмыс сапарымен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы келіп, қалалық орталық қазандықтың жағдайын, қысқа дайындығын, қазандықты газға ауыстыру жұмыстарының барысымен танысты.
Орталық қазандықтың қысқа дайындық жұмыстарымен аудан әкімі Сәкен Мамытов және тиісті сала басшылары таныстырды.
Қазіргі таңда орталық қазандықты газдандыру жобасының құрылыс- монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл жұмыстармен мердігер «Интеллект Азия» ЖШС-і айналысуда. Бүгінгі күнге мердігер тарапынан 4 дана Bosch су қыздыру қазандық қондырғылары, 1 дана Bosch бу қазандығы қондырғылары, желілік сорғылар, түтін құбыры, өзге де қажетті қондырғылар дерлік жеткізіліп, құрылыс- монтаж (демонтаждау) жұмыстары жүруде. Аяқталуға жақын.
Орталық қазандықтың жұмысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы мердігерге қазандықты газға ауыстыру жұмыстары уақтылы әрі сапалы атқарылу керектігін айтып, тиісті сала басшыларына жаңартылған жылу қазандығын 1 қазанға дейін толық сынамадан өткізуді тапсырды. Қаржы мәселесінің толық шешілгендігін айтты.
Сондай-ақ, орталық қазандықтың қысқа дайындығын қатаң бақылауға алып, тұрғындарды жылумен уақытында қамтамасыз етуді тапсырды.
Сапар барысында облыс әкімінің орынбасарының қасында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркін Алтишев болды.
Сарысу ауданы