ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА

Шіліңгір шілдеде артта қалды. Алдағы аздаған күндерден соң тамызды да тәмамдап жылыту маусымы да басталады. Қазіргі жазғы уақытты тиімді пайдаланып, үйлеріміздің жылу жүйелеріне жөндеу немесе ауыстыру бойынша тиісті іс-шараларды жүргізетін мезгіл.
1-ші қыркүйекке дейін қаладағы үйлердің барлығы жылыту маусымына сақадай сай болуы тиіс. Іске немқұрайлы қарайтын үйлерде апат орын алу ықтималдығы зор екенін естен шығармайық. Яғни, құбыр жарылып, жүйе істен шығуы әбден мүмкін
«Жамбыл облысында жылу маусымында дайындық және оны өткізу Қағидаларына бекіту туралы» Жамбыл облысы мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 17-12 шешімінің талаптарына сәйкес, жылу беру маусымында дайындық, яғни пәтер (үй-жай) иелерінің кооперативі, кондоминиумды басқару органдары — жылу беру маусымында тұтынушылардың инженерлік желілерді дайындау жөніндегі ұйымдастыру шараларын жүргізу қажет.
Пәтер иелері жоспарлы жөндеу және апаттың-қайта қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда, жылу беру маусымында дайындық бойынша кешенді іс-шараларын орындамаса, және энергия беруші ұйым берген техникалық дайындық актісін рәсімдемесе сонымен қатар сараптау қорытындысын алмаса, жылу тұтыну жүйесін қосуға жол берілмейді.
Осы тұрғыда, Қаратау қаласы тұрғындарын қазірден бастап жылыту маусымына жедел түрде қамдануға шақырамыз!!!

Қаратау Қаласының Әкімдігі