Қыздарыңыз он жасқа келді ме?

Аналардың құлағына!

Бөтен ер азаматтардан сақтандыру жолын үйретіңіздер! Қəзір жасөспірім қыздардың зорлық зомбылық көруі белең алып кетті. Сондай азғындардан қорғану үшін, өсіп келе жатқан қыздардың санасы дайын болу керек. Қыздарыңызды жылына бір рет медициналық тексеруден өткізіп тұрыңыздар. Сенбегендіктен емес əрине, қыздың денсаулығы үшін. Құрбылары мен мектеп мұғалімдері жайлы көбірек сұраңыздар. Бұндай əңгімеден сіз не ұтасыз? Баланың болмысының қоғамда қалыптасу деңгейін; Қыздарыңыздың қоғамға қандай көзқараспен қарап жүргенін; Ең бастысы сіз қызыңыздың ең жақын сырлас досына айналасыз.
Қəзір жұмыс бастылықпен бала тəрбиесіне көңіл бөле алмай жүрген аналар көп. Бірақ қыз баланың тəрбиесі жұмыстан жоғары тұру керек. Қандай жағдай болса да дер кезінде қимылдауды ұмытпаңыздар!

 

Айгүл Орынбек