ҚЫЗҒА — ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ҚҰРМЕТ !

Қазақ халқы — қыз баласын ерекше құрметтеген(бірақ, қалың малға сатып жібергендері де болған). Төрін ұсынып, бетінен қақпай өсірген. Аз күндік қонағым деп, жылы-жұмсағын қыздарының аузына тосқан. Сондай құрмет-қошеметке бөленіп өскен қыз, аналасындағылардан да сондай құрмет күткен.
_Ертеректе ұзатылған қыз, біраз уақыт бойы төркіндетіп келмеген. Алайда, өзінің жаңа жердегі хал-жағдайын кесте арқылы білдірген.
_️Ұзатылған қыз төркініне кестеге жіңішке қылып «қошқармүйізді» оюлап жіберу арқылы, ол жерде өзінің қиын жағдайда екендігін, онымен ешкім санаспай, ренжітіп жүргендігін жұмбақтап жеткізген.
➰Ал, кестеде әдемілеп салынған «құсмұрын» болатын болса, ол жерде қызды өз үйіндегідей аялап ұстап отырғандығын білдірген. Солай , төркініне жіберген кестедегі не алаша, кілемдегі ою арқылы жұмбақтап, өзінің тұрмыстағы өмірінен хабардар етіп отырған. Алайда, біздің менталитетімізді ұстанатын «дәстүршіл» қауым үшін бұл салт — тиімсіз. Сондықтан, бұл туралы көп айтыла бермейді.
_Қазір де байқасаңыздар, үйінде әкесіне, ата-әжесіне еркелеп өскен қыздардың қасындағы ер-азаматы да — оның еркелігін көтеруге бейім. Себебі, әлгі қыз бойдақ кезінде өзін лайықты дәрежеде құрметтемеген үміткерлерді жолына салып жіберген.
_ Ер азамат таңдауда, қыз бала қанша қаласа да,бейсаналы түрде әкесіне ұқсайтын адамды таңдайды екен.Сондықтан,әсіресе әкесінің қызына төгетін мейірімі мейілінше көп болуы керек.
_Ал, үйінде көп қыздың біреуі боп, ортаншы қызы (кей жағдайда) болып, онша еленбейтін немесе үйінің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген, толық емес отбасында өскен, үйінде қаталдықта,қысым көрген қыздар көбінесе (бірақ,үйінен жылулық көрмеген соң,принципке барып, еркелететін жігітті іздейітін қыздар да бар) барған жерінде де сол жұрттың ауыртпашылығын көтеріп, таяқ жесе де, қорласа да көніп жүре береді. Себебі кішкентай кезінен құрмет-қошеметке бөленбеген соң, ешкімнен өзі көргеннен артық қарым-қатынас талап етпейді, күтпейді.
_Ал, әкесіне еркелеп, анасының мейіріміне қанып өскен, айналасындағылардың сүйіспеншілігіне бөленіп өскен қыз бала — басқалардан да сондай қарым-қатынасты талап етеді. Өзін лайықты бағаламайтын ортада жүрмейді. Бағасын білмейтіндермен дос болмайды. Өзін қадірлейтін достармен айналасын қоршайды.
_Сондықтан, қыздарыңыз жақсы жар тауып, жақсы жерге барсы десеңіздер, өздеріңіз жақсы көңіл бөліңіздер, үнемі оның жақсы қасиеттерін айтып, қандай құрметке лайық екендігін сезіндіріңіздер!
Сонда оның да, кейін ажырасып келу немесе өзін көзге ілмейтін немесе тепкі көрсететін үйге бару ықтималдылығы төмен!
_Үйінде ханшайым сияқты өскен қыз — өзіне күң сияқты қарайтын ортада өмір сүрмейді.

Мөлдір Рысбекқызы