Қызметімді атқарып жүрмін, артық жарнаманың қажеті жоқ
Ақмола облысының әкімі М ə л і к Мырзалин өткен жұмада аймақ басшысы болып тағайындалғанына жүз күн толуы на орай, өңірлік коммуникациялар қызметінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары және республикалық ба с ы л ы м д а рд ы ң м е н ш і к т і тілшілерімен баспасөз мəслихатын өткізді.
Ақмола облысының әкімі Мәлік мырзалин қызметке кіріскеніәнің 100 күнге толуына орай өңірдегі баспа сөз өкілдерімен кезігіп, осы уақытта атқарылған жұмыстармен қатар, келешекте жасалатын жұмыстарының ауқымдысын журналистерге таныстырды. Әкім кездесуді креслода отырып, мінберде дайындаған жазбаларын оқып тұрған жоқ. Баспа сөзді ұйымдастырушылар дың дайындаған орынға отырып, мінберге шықпады. Журналистермен сәлемдескен соң, кездесуді басқаша түрде өткізуді ұсынды. Журналистер қолдады. Ол журналистер алдында еркін тұрып, әңгімелесуді жөн көріпті. Шағын залда журналитердің ортасында, әкім әңгімесін бастап кетті.
Әкім өңірдің кешелі, бүгінгі тынысынан біраз ақпараттар берді. Атап айтсақ 2010 жылдан бері Индустрияландыру жобасы аясында 158,8 млрд тенгенің 72 жобасы іске асырылыпты. Нәтижесінде 6,8 мың жаңа жұмыс орны пайда болған. Әліде 11 жоба жүзеге асу үстінде екен.
Бұл жоспар жүзеге асқан кезде 4,3 мың жаңа жұмыс орыны деген сөз. Шағын жəне орта кəсіпкерлік шаруасы алға басып, өнім өндіру көлемі 2016 жылдың сəйкес мерзімімен салыстырғанда 2,5 есе көбейген. Кəсіпкерлікке дем беретін инвестиция көлемі де артып, өткен жылдың сəйкес мерзіміне қарағанда 121,4 пайызға өскен
Әкім облыстың өркеніне арқау болатын көкейінде жүрген біршама жоба жоспарларында ортаға салды. Мысалы, аграрлық салада бидай өсірумен шектеліп қалмай, майлы дақылдар, көк өніс түрлерін өсіруді қолға алып, мал басын өсіру, асылдандыру мен қатар, аймақты өндірісті өңір етсе жөн, деген мақсаттары барын жеткізді. Әкім облыс тұрғындарының орташы айлығына көңілі толмайтынын атады. Себебі, орташы айлық 104, мың тенге, облыстар арасында 13 орында екені қынжылтатынын жеткізді. Біздің облыстың әлеуеті жоғары. Дұрыс жұмыс жасай білсек, жақсы көрсеткіштерге қол мүмкіндік бар деп, бизнеспен, кәсіакерлікті дамыту, өндіріс ошақтарын көптеп орнату арқылы табысқа жететін жолдарды атап өтті.
Биылғы көктемде облыстың бірқатар елді мекендері көктемгі су тасқынынан зардап шекті. Қазір сол зардаптың салдарлары жойылуда. Көптеген тұрғындардың баспаналары күрделі жөндеуден өткізілсе, кейбіреулеріне мемлекет тарапынан уақытша үй жалдап тұру үшін қаражат бөлінуде. Замандастарымыздың бойындағы бірлік пен ынтымақ осындай қиын кезде көрінеді. Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету есеп-шотына тұрғындардан 92 миллион теңге жиналған. Материалдық көмек қаншама. Қол ұшын созған абзал жүрек азаматтар аз емес. Қаражаттың басым бөлігі зардап шеккендерге бөлінді. Шоттағы қалған ақша да осы мақсатта жұмсалады.
Әкімнің қысқаша баяндамасынан соң журналистер сұрағы басталды. Ақмола облысын басқарған әкімдердің мамандықтарына бір көз жүгіртсек. Облысты көбіне ауыл шаруашылық мамандары басқарса, онымен қатар экономист, құрылысшы, әскери маманда басқарыпты. Ал, М. Мырзалиннің мамандығы дипломат. Журналистердің сұрағыда әкімнің осы мамандығына байланысты басталды.
- Сіз облыс әкімі болып тағайындалған алғашқы дипломат екенсіз. Облыс басына келгеніңізге 100 күн толыпты. Елбасы аймақты дамытуда бірқатар мәселелерді назарға алуды жүктеді. Біршама жұмыс атқарылғаны баяндалды. Әліде жұмыс жанданып, жалғаса берері анық. Өңірді дамытуда қолға алынбаған, тың бастамаларыңыз бар болса, қысқаша тоқтала кетсеңіз, деген журналистің сауалына. Әкім төмендегі ойын баяндап өтті.
- М.Мырзалин әкім:- Расында, менің мамандығым дипломат. Кеңес заманында мұндай мамандық алу, оңай болмаған. Мен Мәскеуде қызметте жүріп Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне келдім. Жергілікті басқару қызметіне сол жерде тәжірибеден өттім. Маған нақты бір жұмыспен айналысқан ұнайды. Жұмыс ел игілігне жарасы біздіңде ел игілігне қызмет атқарғанымыз. Мысалы, елдің игілігі үшін салынған құрылыс, қаншама жыл елдің керегіне жарайды. Сондықтан, облысты көркейтіп, дамытуда нақты істер атқарып, атқарған істің ізі қалатындай, елдің кәдесіне жараған, риза болатын іс тандыру, әркімнің арманы. Тың бастамалар әрине бар. Әзірге жоспар жүзінде пысықталып жатыр. Кезегі келгенде айтылатын болады.
Журналистер облыс əкіміне туризмді дамыту, елді мекендерді көркейтіп, абаттандыру, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, тұрғын үймен қанымдау, Астана- Бурабай бағытындағы күре жолдың бойындағы жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту және Астана қаласы маңында демалыс орындарын көбірек ұйымдастыру тəрізді сан алуан сауалдар қойды.
Әкім әр сұраққа тыңғылықты жауап қатты. Көкшетау қаласын көркейтуде тың бастамалар жасау жайында журналистер ұсыныс жасап, қала көшелердің тазалығы, абаттандыру жайын сөз етті. Әкім, барлығымыз осы қалада тұрамыз. Өз қаламыздың өркеніне өзіміз жауапты болып, көркейтуге ат салысқанымыз жөн. Тұрған қаламыздың- тума патриоты болайық . Сондықтан, тың ой бастамаларыңыз болса ашық айтыңыздар, мен қолдауға әзірмін деген, ұсынысты журналистер ортасына қойды. Ешкімде дайын ұсыныс болмаған болар, жауап болмаған соң, осы жолдарды жазып отырған мен, яғни «Қазақстан- Zaman» газетінің атынан, қаланы көркейтуге қатысты жоба, ой пікірім барын жеткіздім. Ұсынысты қабыл алып, қала әкімімен бірге келіп,жоспарымды таныстыруды тапсырды.
— Журналистермен кезігетін уақыт шығарсаңыз деген, журналистер өтінішіне. Әкім, журналистер үшін есік ашық және әр істің ашық айтылғаны, жазылғаны нәтиже береді. Бірақ, күнделікті атқарылып жатқан шаруаларды айқайлатып, жарнамалай берудің қажеті жоқ. Бұл біздің күнделікті атқаратын қызмет дегенді, сіздердің естеріңізге салғым келеді деп, сөзін аяқтады.
Әкім жиын соңында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен, журналистер қауымын құттықтап, қызметтерінен табыстар тіледі.
Дахан Шөкшир.