ҚЫЗЫЛӘУІТ АУЫЛЫНА КІРЕ БЕРІС ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Бүгінде тозығы жеткен Қызыләуіт ауылына кіре беріс жол жаңғыруда. Яғни 5,4 шақырым жолға асфальт төселіп, жол жамылғысы толық жаңартылуда.
Сапасына және асфальт жабындысының төселуіне ауыл азаматтары шағым білдірген болатын. Осыған орай жауаптыларға, мердігер мекемеге нақты тапсырмалар жүктеп, өзекті мәселелерді оңтайлы шешіп, жұмыстарды жобаға сәйкес атқаруды тапсырдым.
Жалпы, ауданымызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жолдарды жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізу мақсатында тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда.
Сонымен қатар, Қызыләуіт ауылындағы Қотырәуіт су қоймасының ағымдағы жөңдеу жұмыстарының барысын бағамдадық. Сондай-ақ, М.Қыстаубайұлы орта мектебінің жылыту жүйесін тексердік.