ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ 500 мың теңге айыппұл төледі
Қызылордада әлеуметтік желі арқылы әйел адамға
жала жауып абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген тұрғын айыппұл төлейтін болды. Желіде біреуге жала
жапқан әйел 500 мың теңге айыппұл төлейді. Азаматша
Д. әлеуметтік желі арқылы әйел кісіге жала жауып, оның
абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiрген. Әлеуметтік желіде пікір жазып, оны жалпы көрілімге шығарып жариялаған. Сот отырысында азаматша өз кінәсін
мойындап, пікір жазғанын растады. Оның әрекеті полиция қызметкерлерінің баянаттарымен, әкімшілік құқық
бұзушылық туралы хаттама, түсініктеме, сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысы және басқа
да іс бойынша құжаттармен дәлелденді. Бұл бойынша ҚР
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік көзделген. Онда көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат
құралдарын, телекоммуникациялар желілерін пайдалана
отырып жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен
қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн
түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату жағдайы көрсетілген. Жала жапқан азаматша кінәлі деп танылып, оған
465 192 теңге айыппұл салынған.