Қызылша

Қызылша – бұл жедел басталатын инфекциялық вирусты ауру, адамнан адамға ауа тамшылары арқылы жұғады. Ауру жоғары температурамен, ауыз қуысының және жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты, сілекей қабаттарының қабынуымен, сондай-ақ өзіне тән бөртпесімен  сипатталады.

Ата аналардың назарына:

 

Вакцинация кезінде:

  • Дәрігер вакцинацияның алдында тексеру жүргізеді.

 

  • Анамнез жинау кезінде дәрігерге ықтимал қарсы көрсетілімдердің болуы туралы ескерту керек: вакцинаны алдыңғы енгізуге жағымсыз реакциялардың, созылмалы аурулардың, аллергияның, инфекциялық аурудың жіті фазасының болуы.

 

  • Сіз дәрігерге вакцинация туралы кез-келген сұрақтар қоюға құқығыңыз бар.

 

  • Ата-аналар вакцинацияға ақпараттандырылған келісім жасайды.

 

  • Вакцинацияны мейірбике емдеу бөлмесінде жүргізеді. Ата-ана вакцинаның сақталу жағдайын тексеруге, қаптамасын тексеруге, нұсқаулықты өзімен бірге алуға құқылы.

 

  • Егу паспортында: вакцинацияның күні мен орны; вакцинацияны жүргізген медицина қызметкерінің деректері; вакцинаның сериялық нөмірі мен саудалық атауы жазылуы тиіс.

 

Вакцинациядан кейін:

  • Вакцинациядан кейін 30 минут ішінде жедел аллергиялық реакциялардың алдын алу үшін емханада қалу керек.

 

  • Ықтимал жанама әсерлер туралы біліңіз. Мысалы, КПК вакцинасынан кейін 7-10 күн ішінде бөртпе «вакцина аллергиясы» емес, бірақ вакцинаның қалыпты жанама әсері, ол сізді алаңдатпауы керек.

 

  • Температура 38.5°C-тан жоғары болған кезде қызуды басатын дәріні қолданған жөн.

 

  • Алғашқы бірнеше күндегі әлсіздік — бұл вакцинациядан кейінгі жиі кездесетін жанама құбылыс. Бұл уақытта жүктемені шектеп, көп демалған дұрыс.

 

Құрметті ата-аналар, қызылша мен қызамықты емдеуге арнайы дәрі-дәрмек жоқ, сондықтан екпе алу сізді және балаңызды осы инфекциялардан қорғай алатынын біле жүріңіз. Вакцинация үшін қызылшаға қарсы тиімді әрі қауіпсіз, қызамыққа және паротитке қарсы компоненттері бар вакцина (ҚҚП) қолданылады.

 

 

Спикер: Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – Н. Муликова