Қызылжарлық кәсіпкер мерекеге орай 20 мың раушан өсірді
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Аспандияр Әлиев атты кәсіпкер халықаралық әйелдер күніне голландиялық 20 мың қызғалдақ өсірді, деп жазады BNews.kz.
Аспандиар Әлиевтің айтуынша, 10 жыл бұрын оның ата-анасы Шымкенттен қызылжарға көшіп келген.
«Әкем бірден үш ірі жылыжай салып тастады. Онда раушан мен хризантем гүлдерін өсірді. Гүлге деген қызығушылығым осыдан басталды. Биыл біз гүлдерді қазан айында ектік. Осы наурыз мерекесіне қарай өссін деп. Голландиялық гүлдердің сұрыбы Парад және Голдан Парад”, – дейді кәсіпкер.
«Әкем мен шешем Шымкентке қайтып кетті. Біз кәсіпті жалғастырып отырмыз. Жұмыс күні таң ата ерте басталады. Алдымен жылыжайды жылыту үшін от жағамыз. Жылыжай темперетурасы 22 градус болуы керек. Раушан күлдерін күніне бірнеше рет суарамыз. Жұмыстың бәрін өзіміз істейміз. Өнімді облыс орталығы Қызылжардағы өз дүкендерімізде сатамыз”, – дейді кәсіпкердің інісі Рәшит.
Дүкеннің ауданы шамамен 100 шаршы метр. Ауыл тұрғындары енді гүл сатып алу үшін Қызылжар қаласына бару керек еместігін айтып ризашылықтарын білдіріп жатыр.