Лайықты жұмыс істеп, лайықты кетті

Көпшілік жұрт Нұрлан Нығматулинді еш асырып айтпастан Парламенттің, оның төменгі палатасының ауыр салмақты саясаткері деп санайды. Бұл миға қонады. 20 қаңтарда оның алғаш рет Мәжіліс төрағасы болып сайланғанына тура 10 жыл толды, осы уақыт ішінде ол өзінің нағыз спикер екендігін дәлелдеді. Нығматулиннің шын мәнінде Мәжілістің ең күшті спикері болғанын мойындау керек. Базбіреуге ол өте қатал боп көрінген болар, кейбіреуге, бәлкім оның жұмсақ болғаны керек болған шығар, бірақ, ашығын айту керек, Нығматулин әрбір мәселеге әрқашан да мемлекеттік тұрғыдан келетін. Рас, ол арасына екі жыл салып спикер болды, ол кезде Нұрлан Зайруллаұлы Президент Әкімшілігін басқарды. Қазір, бәлкім, бұл көпшіліктің есінде жоқ шығар, тіпті өтілі жоғары депутаттардың ішінде де, бірақ, 2014-2016 жылдары мәжілістің екі спикері ауысты – Жақыпов пен Ізмұхамбетов – басқа жақсы қасиеттеріне қарамастан, бұл қызметте өздерін көрсете алмады. Ал Нығматулин болса есте қандай істерімен ұзақ сақталады?

 

 

Мәжілісмендерге де, қарапайым қазақстандықтарға да, әсіресе үкімет мүшелеріне де, ол әлгілерді қарапайым сөзбен айтсақ, шындықты шырқыратып айтқаны сондай, оның оларға қарата айтқан кейбір сөздері аңыз болып халық арасына тарап кетті. Басқаша айтсақ, Нұрлан Нығматулиннің дөп тиген сөздері көп жағдайда оны айқын ньюс-мейкер тұлға етіп көрсетті. Дегенмен, ол басқарған кездегі Мәжіліс жұмысындағы ең бастысы – елді дамыту үшін жасалып жатқан қайта құруларға заңдық тұрғыдан қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болғаны анық. Қысқаша айтсақ, осы жылдар ішінде, әсіресе, соңғы бес жылда, Парламент арқылы көптеген заңдар өтті. Әлбетте, олардың кейбіреулері ойдағыдай шықпай, қоғамда үлкен резонанс тудырды, бірақ, заң шығарушылар айтқандай, көпшілік жағдайда Нығматулиннің және комитеттердің үйлесімді жұмысының арқасында көптеген әділетсіз нормалар алынып тасталды иә болмаса жұмсартылды. Нығматулин Тоқаев айтқандай «мемлекетшіл» деген терминге жақсы сай келеді десе болады. Мұндағы құпия қарапайым, ол басқа аймақтық көсемдер үшін жетістік формуласы болуы тиіс. Бұл, біріншіден, аймақтардың әлеуметтік мәселелеріне ең бірінші кезекте көңіл бөлу, екіншіден, жұмысқа жүйелі тұрғыдан келу. Яғни, әрбір бөлімше өз жұмысын дәл орындап, оны әрі қарай жібереді. Соған қарағанда, Нұрланның тапсырылған істерге келу қасиеті Нұрсұлтан Әбішұлына оны екі рет спикер лауазымына ұсынуға түрткі болған сияқты. Оның басқаруында заң шығару ісі сағат сияқты қалыптасып, мүлтіксіз жұмыс істеді, қандай қажет болса, сондай сапалы заң жобаларын берді. Өткен жылғы сайлаудан кейін Нығматулин өз орындығын сақтап қалды, сірә, әлгі себептерге байланысты. Екінші жағынан, мүмкін, Нұрлан Нығматулиннің осылайша кеткені де жақсы шығар – өз өтінішімен және әріптестеріне, сондай-ақ қоғамның көп бөлігіне өзі туралы жақсы әсер қалдырып. Эстафетаны алған қазіргі спикер біздіңше экс спикердің жұмыс стилінен үлгі алса игі дегіміз келеді.

 

Ербол ЕДІЛОВ