«Лаңкестік – зұлымдықтың жабайы түрі»
Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық терроризмге қарсы комиссия хатшылығының ұйымдастыруымен «Лаңкестік – зұлымдықтың жабайы түрі» атты семинар өтті.
Семинарға аудандағы білім ошақтарының директорлары, кәсіпкерлік нысандарының жетекшілері және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Жиында сөз алған запастағы ұлттық қауіпсіздік полковнигі Батырбек Атамқұлов «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 06 мамырдағы №305 қаулысымен бекітілген «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес тиісті жұмыстарды профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру, терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеу бойынша талаптарды түсіндірді.
Сонымен қатар, ол өз сөзінде «Телефондық» терроризмге стационарлық және ұялы телефондардан, сондай-ақ факсимильді аппараттар немесе интернет желісін пайдалану арқылы жасалған қылмыстар жататынынан хабардар етті.
— Мұндай сын-қатерлердің мақсаты – қарапайым бұзақылық, атақты болуды қалау, маңызды объектінің немесе оқиғаның жұмысын бұзу, белгілі бір адамды бопсалау немесе арнайы қызметтерге жалған қоңырау шалу болуы мүмкін. Өзге де әрекеттер туралы жалған хабарлау – алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын көрсетеді. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 273 бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан басталады, — деп сөзін түйіндеген Батырбек Керімбайұлы жиналысқа қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға рет-ретімен жауап беріп отырды.
Жуалы ауданы әкімдігі