Латынға көшу құлдық психологиядан арылтады
Латын әліпбиіне көшу, қазақ елі статусы мен фамилиямызға — тегі, яғни тектілік жалғауын (төлқұжат ауыстырғанда ) қосу, ұлттық сана модернизациясы аясындағы тәуелсіздігіміздің басты жемісі болмақ.
Адамзаттың рухани алтын ғасыры, алтыншы әлеуметтік-экономикалық саналы қоғам формациясына көшу кезеңі, ұлы ғасыр сынағы әлемдік дағдарыстан, тек рухани сауатты, санасы ояу, иманды ұлт, мемлекет қана шыға алатындықтан, « Мәңгілік Ел» болу, көкірек көзі ашық, парасатты ұрпақ, кадрлар тәрбиелеуге байланысты болып тұр.
Қоғамда қордаланған көптеген суицид, нашақорлық, коррупция т.б. проблемалар шешімі, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қоғамдық сананы модернизациялау арқылы ғана іске аспақ.
Үшінші модернизация мен трансформация кезеңіндегі проблемалар, әлімсақтан бері қалыптасқан дәстүрлі дүниетанымымыздан ауытқушылықтарға байланысты болғандықтан, әсіресе үштілділікке өтіп, латын әліпбиіне көшу жағдайында, саналы да сапалы адам капиталының негізі ақыл-парасат иесі тұлғаны қалыптастыру, 13 жасқа дейін тіл мен ділдік ұстанымы қалыптаспағандықтан, ақ пен қараны ажырата алмайтын, сырттан басқарылатын, санасы жабық, қарап тұрып көрмейтін, тыңдап тұрып естімейтін, кім болса соған еріп кете беретін, терроризмге бейім, мәңгүрттенген-зомби ұрпақ өмірге келіп, кейбір адастырушы батыс құндылықтары заң деңгейінде енгізіліп, әлем халықтарын діни ұлттық рулық деңгейде бөліп, (РАЗДЕЛЯЙ и ВЛАСТВУЙ) бір-біріне айдап салу (Теория управляемого хаоса) технологиялары іске асып жатқанда, халқымыз бен болашақ Елбасыларына кеңінен жол ашатын, бір-біріне тығыз байланысты, ұлттық сана модернизациясы мен экономикалық трансформация аясында ұлт тағдырына байланысты латын әліпбиіне көшу (мемлекеттік комиссия ұсынып отырған әліпби жобасы өте ыңғайлы) кезінде мемлекеттік деңгейде қарастырылып, іске асырылатын, өте маңызды 3-саяси шешімнің қабылдануы заман талабы болып тұр:
Бірінші, Қазақстан Республикасы орнына қазақ елі — qazaq eli мемлекеті статусын қабылдау, ұлт рухын көтеру арқылы, қоғамдық өмірдің барлық саласында Елбасы стртегиясын мәңгілікке нықтайтын тарихи шешім.
Екінші, төлқұжат ауыcтырғанда, фамилиямызға — тегі, яғни тектілік ұғымын қосу, әрбір өмірге келген жаңа ұрпақ «мен жамандықтан аулақ жүретін, дана да текті елдің азаматымын» деген көзқарас қалыптасып, мысалы төлқұжатқа қазіргідей: фамилия: Серик имя: Берик орнына, ата тегі / фамилия: Әуелбайтегі — Аuelbaytegi , аты / имя: Мұхит —Мuhit, әкесі бойынша / отчество: Асанұлы — Аsanuli, ата-тек ұғымы ұлттық сана модернизациясының басты да өте маңызды рухани-патриоттық тәрбие құралына айналады.
Үшінші, Елбасы айналасында ұйысқан халқымыздың ұлттық санасын модернизациялаудың басты механизмі, ұлттық тәрбие саясатын, экономикалық серпіліс кілті, сапалы адам капиталын қалыптастырушы басты тетік ретінде қолға алып, өмірдің мән-мағынасын түсінетін, санасы ояу, ақ пен қараны ажыратып, күнделікті өмірде ұлттық мақсат-мүддеге сай, iзгі, дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны (МОН РК «Ақбастау ұлттық тәрбие бағдарламасы» негізінде) рухани-парасатты мектеп, колледж, университет, мекеме, бизнес, теле-радио-кино, ақпарат құралдары ортасын қалыптастыру негізінде іске асыру. Мысалы, Жапония, «нағыз жапонның ұл-қызы қандай болуы керек» деген «хигодзукури» ұлттық бағдарламасы мен кай (өзгеріс) дзен (даналық) ұлттық дүниетанымға негізделген ойлау жүйесін «Тойота» компаниясына енгізу арқылы әлемде 1-орынға шығып отыр.
«Нұр Отан» партиясы Астана Орталық Аппараты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің (№ 0911 /11 21 204 04 08 2009 № 02 5 11 38 вн 13 05 2014) шешімдерімен Қазақ халқының салт-дәстүріне заман талабына сай ғылыми көзқараспен қарау нәтижесінде, оқу орындарында өз жемісін беріп жатқан «Ақбастау ұлттық тәрбие бағдарламасы» негізінде әрбір апта сайын орта есеппен 20 пәннен 5 үздік баға алатын санасы ашық, көкірек көзі ояу, иманды оқушы, студенттер саны Алматы қаласының Білім басқармасының № 145 мектеп ( 2017 жылы 7 алтын белгі иегері), Алматы электромеханикалық — АЭМК колледжі т.б. оқу орындарында күннен-күнге көбейіп келеді.
Мәңгілікке нық басқан Қазақ Елінің әлемге үлгі болар, бірлік пен бейбітшілік, толерантты сабырлылыққа негізделген, Елбасымыздың көреген саясаты арқасында ата-тегімізден аманатқа берілген дәстүрлі дүниетанымымыз бен жерімізді келесі ұрпақтарға жеткізу үшін әрбіріміз өз орнымызда дамуымызға үлесімізді қосып, өркениетті елге айналу дәуір талабы болып тұр.
Әуелбай Мұхит Асанұлы, «Нұр Отан» партиясы АФ Бостандық ауданы саяси кеңесі мүшесі «Қуатты Қазақстан» қоғамдық қоры президенті «Ақбастау — ұлттық тәрбие» бағдарламасының авторы.