ЛГБТ тақырыбында жазатын сайт бұғатталды

Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ тақырыбына жазатын Selftanu.kz сайтын бұғаттады.

Ведомствоның интернет-ресурстарды тексеретін парақшасында сайт «Баланың денсаулығына, рухани және адамгершілік тұрғысынан дамуына зиян келтіретін ақпарат жариялағаны үшін» бұғатталғаны жазылған.

 

«Балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан халқы арасында ЛГБТ қозғалысы идеясын тарататын интернет ресурсты бұғаттады. Бұл шешімді шығарғанда балаларды психологиялық жасының ерекшелігі, балалар ақпараттардың теріс әсеріне әлсіз екені, Қазақстан қоғамы мен мемлекеттің мәдениеті, дәстүрі ескерілген» деп жазылған министрлік түсіндірмесінде.

Ведмоствоның хабарынша «Сайт заңға қайшы деп танылған мақалаларды өшірсе, қайта жұмысын жалғастырады».

2024 жылы қаңтарда ашылған Selftanu.kz сайты жастарға денсаулық, қарым-қатынас, жыныстық бағдар туралы қазақша және орысша ақпараттар жариялаған еді. Жоба авторлары — Александра Казанцева мен Мүтәлі Мәскеу.

 

Orda.kz порталы