М.БАЙҒҰТ:  ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ ДЕ ҚАНАТ БІТІРЕДІ

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел газеті «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Ұлы Даланың жеті қыры» атты жаңа дүниесін оқып отырып, әрбір сөзіне, әрбір сөйлеміне, әрбір ой-пікіріне, қағидаттары мен тұжырымдарына рақаттанып, әлемдік әдемі әңгіме ретінде қабылдадым.

Шынында да Президент күллі адамзат, бүкіл дүние жүзінің өркениетті қауымы, барша елдер барынша назар аударарлықтай әлемдік деңгейдегі, парасаттың шырқау биігіндегі пайымдарды ортаға салып отыр. Сонымен қатар, нақтылы ғылыми деректерге сүйеніп, жаһандық тарихтағы Ұлы Дала Елінің, қазақ ұлтының, Қазақстан Республикасының орны мен рөлін жан-жақты айқындап берген. Бұған қоса бүкіл байтағымыздағы рухани жаңғыру барысында, алдағы уақытта нелерді және қалай жүзелемек керектігінің тағылымды тұжырымдамасын жасаған.

Бір сөзбен айтқанда, «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» сияқты ұлы ұлағат. Текті туынды.

Түркістан облысының құрылуы, оның болашағы, Әл-Фараби мен Ахмет Ясауи бабаларымыз, батырлар жыры, өңірімізде жиі кездесетін қызғалдақ пен сиверс алмасына дейін айрықша айтылуы біздің қаламгерлерге де қанат бітіреді.

 

Мархабат БАЙҒҰТ,

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы.