Маңғыстау облысында өрт оқиғасы 12 пайызға азайған

Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы, азаматтық қорғау полковнигі  Базарбаев Куанар Бекенұлы мәлімдеді.

Алдын-алу шараларына сәйкес, өткізілген үгіттеу-профилактикалық жұмыстары бүгінгі таңда өз нәтижесін беруде, дейді мамандар. Мәселен, 2018 жылдың  соңғы бес айында 107 өрт оқиғасы тіркелсе,  жыл басынан бері облыс аумағы бойынша 94 өрт оқиғасы болған.  Дереккөздер сүйенсек, көбіне тұрғын үйлер өртенген. Отты абайсыз қолдану, пештің ақаулығынан, электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан және балаларды қараусыз қалдыру салдарынан 39 оқиға орын алды.  Ал, осы іспетті  жағдайға тап болған 28 автокөлік тіркеуде тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға азайған. Биылғы жылдың  5 айында  мамандар 461 рет өрт сөндіруге барған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп.  2018 жылы 3 адам құтқарылып, 99 адам көшірілсе, биыл 15 адам құтқарылып, 189 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

«Өрт – тілсіз жау. Оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Жыл сайын өңірде  қала және аудан әкімдіктерімен бірігіп облыс аумағында өрт оқиғасын болдырмау және  орманды-далада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары  бекітіледі. Осы орайда, Мұнайлы ауданында «Өрт сөндіру» бөлімінің құрылысы басталмақ. 60 адамды жұмыспен қамтитын жобаға республикалық бюджеттен 530 млн теңге бөлінген » ,- деді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы, азаматтық қорғау полковнигі  Куанар Бекенұлы.

Өрт оқиғаларын алдын-алу мақсатында көптеген шаралар қолға алынған. Бұқаралық ақпарат құралдарында, телеарналар мен  радиоларда хабарламалар берілсе, қосымша өрт қауіпсіздік сенбіліктері ұйымдастырылып, тұрғын үй иелеріне жаднама, буклеттер және нұсқаулықтар таратылған.  Облыс көлемінде, аудандардардың қоғамдық орындарында және адамдар көп шоғырланатын орындарда өрт қауіпсіздік талаптарын түсіндіретін 22 билборд орнатылып, білім беру ошақтарында да аталған тақырып аясында сабақтар өткізілген.

 

Бірінші маусымда суда жүзу маусымы басталады

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы, азаматтық қорғау полковнигі  Базарбаев Куанар Бекенұлы баяндады.

2018 жылғы статистикаға сүйенсек, Каспий теңізі айдындарында 10 адам қаза болып, 22 адам құтқарылған. Ал, 6 зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілген. Талдау нәтижелері көрсеткендей барлық төтенше жағдайлар қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан болып отыр. Мәселен, рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, қауіпсіздік ережесін бұзу, сондай-ақ балалардың қараусыз қалуы және ересектердің ішімдік ішкен күйде суға түсуі болып табылады.

«Маусым айының бірінен суда жүзу маусымы басталады. Осы орайда жедел   құтқару шаралары да бірінші кезекте атқарылуы керек. «Суда құтқару станциясын» салу туралы ұсынысымыз бар. Қазіргі таңда жобаға қаражат бөлу жағы қарастырылып жатыр. Бастысы, халықтың қауіпсіздігі ғой, қолдау табады деген үміттемін», – деді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы, азаматтық қорғау полковнигі  Куанар Бекенұлы.

Облыс аумағында Каспий теңізі маңында жазғы демалыска арналған 30 бөлімше бар. Оған Актау қаласы және «Кендірлі» демалыс аймағындағы базалар, жағажай аймақтары, балалар лагерлері кіреді. Алдағы уақытта өңірде теңізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін МО төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының 4 құтқару бөлімшесі жұмыс жасайды. Олар Ақтау қаласы, Кендірлі демалыс базасында, Түпқараған ауданы және Құрық селосында орналасқан.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған