Маңғыстауда «Үздік мемлекеттік қызметшілер» анықталды 7 мемлекеттік қызметші үздік атанды

*Маңғыстаулық 7 үздік Нұр-сұлтан қаласына аттанбақ

Маңғыстау облысында «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының өңірлік деңгейі өтіп жатыр. Конкурс ережесіне сәйкес 31 үміткер конкурстың тестілеу кезеңіне жіберіліп, 13 үміткер сәтті өтті.

Ал бүгін тестілеуден өткен 13 үміткердің 12-сі конкурстың өңірлік комиссиясымен әңгімелесу кезеңінде бақ сынады.

Әңгімелесу кезінде, қатысушылардың сауалнамадағы мәліметтері, жазылған уәждемелік эссенің сапасы, жариялымдары мен марапаттарының бары, ғылыми атағы мен дәрежесі, «А» корпусы қызметшілерінің кадрлық резервіне тіркелу фактісі, спорттық және қоғамдық қызметі назарға алынады. Сонымен қатар,  конкурсқа қатысушылардың жеке жобалық жұмыстары бағаланады.

Жеке жобалық жұмыста мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша экономикалық немесе әлеуметтік әсері бағаланған жаңарту ұсыныстары болуы тиіс. Жаңартылған ұсыныс нақты, дәйекті және бұрын тәжірибеде болмаған, қолданыста жоқ ойды ұсынуы маңызды,  қолданыстағы әртүрлі тәжірбиелер бағалауға жатпайды.

Өңірлік комиссия 9 адамнан және хатшыдан тұрады, оның құрамы облыс атынан республикалық деңгейге шығатын үздік мемлекеттік қызметшіні бағалауға және анықтауға құзырлы мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және өзге тұлғалар қатарынан қалыптасады. Облыстың үздік мемлекеттік қызметшісін анықтауда конкурс мүшелеріне негізгі жауапкершілік жүктелген.

Бірінен бірі өткен қатысушылардың жобалық жұмыстарын бағалау комиссия мүшелері үшін де оңайға соқпады. Дегенмен, 12 үміткердің ішінен 7-еуі үздік деп табылған Маңғыстау облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Клара Кулатаева,  Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінің сектор меңгерушісі Кесикбаева Раушан, Маңғыстау облысы әкімінің аппраты басшысының орынбасары Асель Балманова, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы Ербол Жұмабай мен  Жанна Шыртанова және қатысушылардың ішіндегі ең жас мемлекеттік қызметші, Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы Талгат Сахтаганов, Ақтау қалалық кәсіпкерлер және өнеркәсіпті  дамыту  бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрсейіт Айладыр «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсының финалдық кезеңіне, яғни республикалық деңгейіне дайындалатын болады.

Ал әзірге конкурстың өңірлік комиссиясымен әңгімелесу кезеңінен өткен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы үлкен сында сәттілік тілейміз.

 

Биылғы жылғы конкурстың өңірлік комиссиясының мүшелері

 

Қанат Даниярұлы Таймерденов, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі;

Арман Тилепыұлы    Елдесов,  Қазақстан Республикасы Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  Еңбек, әлеуметтік қорғау және қөші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы;

Бауыржан Орынбайұлы  Тұяқов, 2018 жылғы «Үздік мемлекеттік қызметші», Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының  басшысы;

Аббат Жәңгірханұлы Өрісбаев, «ForteBank» АҚ филиалының директоры, Маңғыстау облыстық мәслихатының 6 шақырылымының депутаты, облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша Кеңестің мүшесі;

Айсұлу Қабышқызы  Дутбаева, «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры;

Гүлімай Демегенқызы   Аманиязова, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжениринг университетінің проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов университетінің профессоры;

         Бақытжан Сатылханұлы, қоғам белсендісі, блогер;

Нұржігіт Нұрболатұлы Хайруллаев, Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының депутаты, Маңғыстау облысы аралас жекпе-жек ассоциациясының президенті;

Комиссия хатшысы Хакімбек Аймыратұлы Атадусов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттікқызмет істері және сыбайлас емқорлыққақарсы іс- қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жетекші маманы;

Конкурс комиссиясының төрайымы Нұргүл Алмасқызы Жанназарова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттікқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы.