Мәдениет үйі пайдалануға берілді

Ауданның 95 жылдығына орай, Мыңқазан ауылында жаңадан мәдениет үйі пайдалануға берілді.
Оның ашылу салтанатына облыс әкімі аппаратының басшысы Мәди Мейірбекұлы Мәтен, аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай және облыстан келген қонақтар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Алғашқы болып құттықтау сөз алған Мәди Мейірбекұлы ауыл тұрғындарын ауданның мерейтойы және аталған нысанның ашылуымен құттықтады. Ол сөз сөзінде бұл нысан ауыл халқын мәдени және рухани қолдау, ауыл балаларының шығармашылығын дамыту мақсатында мемлекеттің қолдауымен ашылып отырғанын, сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.
Одан кейін мәдениет үйінің салтанатты түрде лентасы кесіліп, ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, алғыстарын айтты.
Мәдениет үйінің ашылуына орай, ауыл өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынып, ауыл тұрғындарының көңілін көтерді. Жергілікті шеберлер өздерінің қолөнер бұйымдарын көпшілікке ұсынып, суреттерден көрме ұйымдастырылды.
Айта кетейік, аталған мәдениет үйі «Ауыл – ел бесігі» мемлекттік бағдарламасының аясында салынып, 90 орынға шақталған.

Меркі Ауданы Әкімдігі