МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Өрнек ауылында салынып жатқан мәдениет үйінің құрылыс барысымен танысты.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан өнер ошағының құрылысын «ЖаңаКемерҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Сыйымдылығы 140 орынды құрайтын мәдениет үйінің іргесі тіктеліп, қабырғалары қаланып, шатыры жабылған. Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып, керек-жарақтары орналастырылған. Жалпы өңірде 4 Мәдениет үйі және 10 ауылдық клуб тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Құрылыс жұмыстарын аралаған аудан басшысы облыс әкімінің қолдаумын және ауыл азаматтарының өтініштері бойынша салынып жатқан нысанның пайдалануға берілетін күні алыс емес екендігін, сала басшыларына құрылыс жұмыстарын тағы да зерделеу қажеттігін тапсырды.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі