“Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт”
Тамызда біз де кеңесейік деп аналардың басын қостық. “Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт” республикалық тұжырымдамасының аясында алда атқаратын жұмыстарымызды пысықтадық. Келе жатқан отбасы күнінде өткізер іс-шараларымызды ақылдастық.
Аудандық аналар кеңестерінің де төрайымдарын тыңдадық.
Түріміз, тіліміз бөлек болса да, барлық ананың арманы бір: Өсіріп отырған ұл-қызымыздың амандығы, ұрпағымыздың өсіп-өнгені. Сол үшін де қоғамда белең алып бара жатқан жүгенсіздікті тоқтатсақ дейміз. Ассамблея аналары да әрқайсысы қал-қадерінше еңбек етіп жатыр. Аналардың зұлымдыққа қарсы қолданар басты қаруы — мейірім. Ананың мейірімі тасты да ерітеді.
Эльмира Мырза-Гали