МӘДИ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАТЫРЫ

Батыр Бауыржан Момышұлының «Ешкім іштен батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген сөзі бар. Бейбіт күндеде ерлік көрсетіп батыр атануға болады. Еларасындақиынжағдайғатапболғандарды құтқарып қалған ержүрек жандар аз емес. Солардың бірі Көкжелек ауылының тұрғыны «Бурыл-Байтал» орман шарушылығы мекемесінің орманшысы Мәди Әлиев. Ол кісі жанып жатқан көлік ішінен 5 адамды құтқарып, үлкен ерлік көрсеткен болатын.
Осыған байланысты Мәди Әлиевтің ерлігін, азаматтығын үлгі ету, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында 10 «а» сыныбының жетекшісі Майра Бұзаубайқызының ұйымдастыруымен «Бүгінгі күннің батыры» атты кездесу сабағы өтті.
Оған «Бурыл-Байтал» орман шаруашылығы мекемесінің орманшысы Мәди Әлиев, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының директоры Жаңыл Әшірімбетова, мектеп директорының құқықтық тәрбие және тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары Бейбіт Кенжебаев, Ерекбұлан Дүзелбай және оқушылар қатысты.
Кездесу арнайы дайындалған бейнероликпен ашылып, мектеп оқушыларынан құралған би тобы «Қазақ биін» биледі. Содан соң оқушылар сол кездегі оқиғаның қалай болғанын батыр кісінің өз аузынан естіп, жақсы бір сыр-сұхбат жүргізді. Оқушылар қызықты сұрақтар қойып, жауаптар алды. Сондай-ақ келген қонақтар балаларға өздерінің жұмыстары туралы және адалдық пен әділдік, жауапкершілік пен отандық патриотизм рухында жылы лебіздерін білдірді.
Жиында мектеп-гимназиясының директоры Жаңыл Әшірімбетова сөз алып, алтын уақытын бөліп келген Мәди Әлиевке алғысын білдірді.
– Ерлік, батырлық, каhармандық – бұл бір-біріне жақын егіз ұғымдар. Жалпы ерлік көрсету көкірегінде намысы бар әрбір адамға, азаматқа тән және оның жасына, қызметіне, жынысына қарамайды. Ол әрбір адамның қолынан келе бермейді. «Ер жүректілік пен батылдық жүректен шығуғы тиіс» демекші Мәди ағаларыңның ерлігі азаматтығының көрінісі,-деді Жаңыл Әзімханқызы.
Содан соң басын тәуекелге тігіп, адам өмірін құткару үшін ештенеден аянбайтын батыр Мәди ағамызға арнайы дайындалған сыйлықты тарту етті.
Жиын соңында 10 «а» сынып оқушылары Ерсұлтан Алғаш, Нұрасыл Базарқұлдар «Бүгінгі күннің батыры», «Алиев Мәди ағаға» атты өз шығармаларын мәнерлеп оқып берсе, Алуа Меңлебайқызы «Бақыт жайлы» әнін орындады.
Қуаныш ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,
Мойынқұм ауданы