Мағынасы зор керемет ақылдар…..
90 жастағы Регина Бретт деген апамыздың өмірлік тәжірибесі төмендегідей:
Өмір әділ емес, бірақ шынымен де жақсы.
Күмәнданған кезде де алға қадам жасаған дұрыс.
Өмір өте қысқа, кек алу сияқты мәнсіз нәрселерге зая кетіруге болмайды.
Ауырған кезіңде саған жұмыс орның емес, туыстарың мен достарың қамқорлық жасайды.
Қарыздарыңды уақытында төле.
Қаласаң да, қаламасаң да бәрінің жеңімпазы бола алмайтыныңмен келіс.
Біреумен бірге жыласаңда ішің кеңіп қалады.
Алғашқы жалақыңнан бастап, әр жалақы сайын үнемдеп аз да болса ақша жинап үйрен.
Өткен өміріңді кешіру арқылы қазіргі өмірің жақсы болады.
Өзіңді басқа адамдармен салыстырма, олар өмірде талай нәрсені бастан өткерген болуы мүмкін, оны сен білмейсің.
Кез-келген құпия қатынастардан сақ бол. Құпиялар жақсылық бермейді.
Бір сәтте бәрі өзгеруі мүмкін.
Терең дем ал, тынышталасың.
Әдемі және пайдалы деп атай алмайтын нәрселеріңнен еш өкінбестен тез құтыл.
Әрбір кедергілер, тіпті өлуге таяп әрең қалған қиындықтардың өзі адамды күшті де қуатты етеді.
Әрқашан бақытты балалық шақпен өмір сүруге болады. Бірақ осы «екінші балалық шағың» тек өзіңе байланысты.
Төсек-орын жабдықтары мен іш киімдерің әрдайым әдемі сапалы маталардан болсын.
Бірнәрсе дайындасаң артығымен дайында, қажет болып қалады.
Қартайған кезіңде түрлі-түсті киім кие алмай қаласың. Сондықтан батыл киініп үйрен.
Сенің бақытыңа өзіңнен басқа ешкім жауап бермейді.
Барлығына және бәріне кешірімді бол.
Сен туралы біреудің не ойлайтыны маңызды емес.
Ештемеге уайымдама да алаңдама. Уақыт бәрін жояды.
Жақсы жағдай да, жаман іс те өзгереді.
Өзіңді тым байсалды қабылдама.
Керемет пен сиқырға сенуің керек.
Құдай, сені, сен оған бірдеңе жасағаның үшін емес, өзі Құдай болғандықтан жақсы көреді.
Өмірді сонша терең зерттеудің қажеті жоқ.
Қолыңнан келгеннің бәрін жаса да тыныш өмір сүр.
Қартаю, жастай өлгеннен гөрі жақсы, сондықтан қарттықты бағала.
Сен үшін мағынасы бар барлық нәрсе сен сүйетін адамдармен және сен жақсы көретін нәрселермен байланысты болады.
Күн сайын таза ауада серуенде.
Ғажайыптарды жер- жердің бәрінен де табуға болады.
Егер өз проблемаларыңды үйіп қойып оларды басқалармен салыстырсаң, онда басқалардың үюлі тұрған проблемаларымен көрген бойда өз проблемаңды қайтарып алатының айдан- анық.
Қызғаныш деген ең ақымақ нәрсе.
Сенде қажеттінің бәрі бар.
Ымыраға келуді үйрен.
Ең жақсысы әлі алда деп сен.
Жайсыз боп тұрсаң да киініп шық, адамдармен сөйлес.
Әдемі лентаға орап, гүл орнатқандай өмір — бұл керемет сыйлық.