Махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы.
«Үйленудің бәрін махаббат деуге болмайды. Махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы.
Мұндай махаббат – тек ұлы тұлғаларда ғана болады.»
…«Екеуміз бірге ғұмыр кешкен жарты ғасырдан астам уақыт ішінде бірімізден біріміздің зеріккен кезімізді есіме түсіре алмадым.
Әйелдердің көпшілігі «Күйеу – өз меншігім, қайда барар дейсің» деген салғырт ойға бой бұрады. «Болашақ жарыма мінезімнің, ой-санамның озық қырларын көрсетейін» деген қыз кезгі талпыныс пен ізденіс тоқырауға ұшырап, тұрмыстың, тіршіліктің күнделікті күйбеңі алға шығады.
Әйел ғұмырындағы бір кезгі махаббатқа деген құлшынысты жер ететін, батпаққа батыратын осы менмендік сезім.
Күйеуінің санасына сана қосуда, оның ажырамас досына айналу жолында әйел ылғи да ізденіс үстінде жүруі шарт.
Ізденуден, іштей толғанудан қалған әйел – әйел емес. Әрине, еркек тарапынан да оған үлкен дейгейдегі жауап сезімнің болуын ешкім жоққа шығармайды».
Д. Қонаев.