МАХАББАТ МҰҢЫ-АСЫЛ МҰҢ…

Ұзақтығындай ғасырдың,
Ұйқысыз таңды атырдым.
Жүрегімді өзім жұбатып
Көзімнің жасын жасырдым…

Кепкен бе тәйір, кенезем,
Тасыды сезім — көк өзен…
Мен жасырғанменен түнімен,
Жылап шықты терезем.

Махаббат мұңы — асыл мұң,
Өртендім. Күйдім. Басылдым.
Құрбаны болуға даярмын,
Асылым, ғазиз басыңның.

Сен кеттің тағы қасымнан,
Арманым болған асыл жан,
Сезімің сенің от пен шоқ,
Махаббатың жасыннан!

Солығын басып сорлы күн,
Жылай да жылай томсарды.
Үкілеп едім үмітті,
Менің де жайым оңшалды…

Әділбек Қаба