МАХАББАТ, РИЗАШЫЛЫҚ, ҚҰРМЕТ, ҮМІТ, ЕСТЕЛІКТЕР…

МАХАББАТ пен ЖОҒАЛТУ ең алғаш кездесіп тұрған екі жасты көреді.
-Мен бұл екеуін екі жаққа айыра аламын, бәстесуімізге болады,-дейді ЖОҒАЛТУ.
-Сәл сабыр ет, мен бір нәрсе жасайын. Сосын сен қанша рет болса да ойыңа алғаныңды істерсің,-дейді МАХАББАТ.
МАХАББАТ екі жасқа жақындап, иықтарына тиген кезде олардың көздеріне от ұшқындайды. Сосын МАХАББАТ:
-Енді сенің кезегің,-дейді ЖОҒАЛТУ-ға.
-Жоқ, қазір олардың жүрегі МАХАББАТҚА толды. Мен кейінірек ораламын.
Біраз уақыттан кейін ЖОҒАЛТУ ерлі-зайыптылардың үйіне келді. Жас жұбайлар балалы болып қойған екен. Олардың махаббаты бітті деп ойлайды ЖОҒАЛТУ. Бірақ екеуінің көзінен РИЗАШЫЛЫҚТЫ көреді. Сондықтан кейінірек қайта оралуға бел буып қайтып кетеді.
Бірнеше жылдан кейін ЖОҒАЛТУ олардың үйіне келгенде, балалар асыр саллып, жұмыстан шаршап келген әкелері диванда отыр екен. СҮЙІСПЕНШІЛІК пен РИЗАШЫЛЫҚ олардың жүректерінен жоғалған болуы керек деп ойлаған ЖОҒАЛТУ, жұбайлардың көздерінен СЫЙЛАСТЫҚ пен ТҮСІНІСТІКТІ көріп, кейінірек келуге шешім қабылдайды.
Біраз уақыттан кейін, енді уақыты болған шығар деп ойлап қайта келсе, әкесі ержеткен балаларына бір нәрсе түсіндіріп, ал анасы ас үйде тамақ дайындап жатыр екен. ЖОҒАЛТУ ата-ананың көздерінде жарқырап тұрған ҮМІТТІ көріп күрсінеді.
Бірнеше жылдан кейін ЖОҒАЛТУ айналып келіп босағадан сығаласа немере-шөберелері айнала жүгіріп ойнап жүр, ал Әйел ашық оттың жанында отыр екен. Әйелдің көзіне қарайтын уақытым келді деп ойлаған ЖОҒАЛТУ енді жақындай бергенде ол орнынан тұрып далаға шығады. ЖОҒАЛТУ оған еріп отырып зиратқа келсе Әйел дүниеден озған күйеуінің қабіріне барыпты.
-Мен кешігіп қалған екенмін. УАҚЫТ менің орныма өз жұмысын жасапты деп ойлаған ол Әйелдің көздеріне қараса МАХАББАТ, РИЗАШЫЛЫҚ, ҚҰРМЕТ, ТҮСІНІСТІК, СЕНІМ және ең соңында ЕСТЕЛІКТЕРДІ көрген екен…