МАХАББАТСЫЗ ӨМІР…
Өзіңе сен!
…Махаббатсыз ақыл-ой сені бұрмалауға соқтырады. Махаббатсыз әділеттілік сені рақымсыз болдырады. Махаббатсыз мәміле сені екіжүзді етеді. Махаббатсыз жетістік сені тәкаппар етеді. Махаббатсыз байлық сені ашкөз болдырады.
Махаббатсыз мейірімділік сені құл болдырады. Махаббатсыз кедейлік сені кердең болдырады. Махаббатсыз сұлулық сені күлкі болдырады. Махаббатсыз ақиқат сені ренжітеді. Махаббатсыз билік сені тиран болдырады. Махаббатсыз жұмыс сені құл болдырады.
Махаббатсыз қарапайымдылық сені алаңғасар болдырады. Махаббатсыз саясат сені өзімшіл етеді. Махаббатсыз сенім сені фанат етеді. Махаббатсыз бірге өмір сүру азапқа салады…
Махаббатсыз өмір шынымен еш мағынасыз!
Махаббат ешқашан табиғи өліммен өлмейді. Біз басталуын қалай толықтыруды білмегендіктен өледі. Көрсоқырлықтан, қателіктерден, сатқындықтан өледі. Аурудан және жарақаттан болып өледі. Ол әбден шалдығып, құрғап, кеуіп, күңгірттеп өледі!
Не нәрсеге махаббатыңды бөлсең, сол дамиды. Салмақ жоғалтқың келсе, жаттығу жаса. Дамығың келсе, оқы, зертте. Саяхаттағың келсе, жинақта. Сау болғың келсе, дұрыс тамақтан. Тыныштықты қаласаң, өткенді таста. Өмір сүргің келсе, еңбек ет. Қозғалмай салмақ жоғалту, оқып білмей даму, жинақтамай саяхаттау, умен тамақтанып жүріп сау болу, өткенге жабысып, реніштен күйіп-пісіп жүріп бақытты болу, ештеңе білмей, жасамай, істемей жақсы өмір сүру туралы ойлаудың қажеті жоқ. Барлығын махаббатпен жаса!
Махаббатпен өмір сүре біл!
Өмір сүру деп тезірек үлкен болуды армандау. Жүрегің бір ғана адам үшін соғып тұрғандай сезіну.
Өмір сүру деп жаныңнан жан үзіп беру. Үзіп берген жаның үшін өле күресу.
Өмір сүру деп барыңды арнаған қастерлің сенен бас тарту. Өле қалғың келсе де тістеніп орныңнан тұру.
Өмір сүру деп жақсы мен жаман алмасқан күндерді қарсы алып, шығарып салу.
Өмір сүру деп шексіз бақытқа бөлену, адам төзгісіз азапқа төзу. Өмір сүру тамаша, тірі жүру тіптен ғажап!
Өмір сүру деп қайта ешқашан кездеспей қоштасуды айтады. Әкеңді сағынуды айтады. Ата-анаңмен мәңгілікке қоштасып, басқаларға басқаларға ата-ана болып өмір сүруді айтады.
Өмір сүру деп зұлымдық пен жалғандықтың алдында айтуға сөз таба алмай тосылып қиналуды айтады. Жылап тұрып күлуді, күліп тұрып жылауды айтады.
Өмір сүру деп балаңның тәй-тәй басқанын көргенде қуануды айтады.
Өмір сүру деп адамдардың жел сөзімен бірге ұшып кетпей, орнында қалуды айтады.
Өмір сүру деп адамгершілік пен мейірімділіктен бас тартпауды айтады.
Өмір сүру деп қателіктерді, күнәларды, мадақтау мен сөгістерді бәрі-бәрін қабылдай білуді айтады.
Өмір сүру деп: -Жүріп өткен жолың, бастан кешкен қиыншылықтарың, төзе білген ауыртпалықтарың, қара терге малшынған қажырлы еңбектерің ақыр соңында жұмсақ мінез бен мейірімді жүрекке айналуын айтады.
Өмір сүру деп теңдессіз осынау әлемде бір Жаратушыдан басқаға басыңды имей, жүзіңді толтырған қуанышты күлкіні де, тынысыңды тарылтқан қайғылы сәтті де саналы түрде сезіне білген кезіңді айтады!