Махаббатты талап етпейді
Ұстазы бір шәкіртінің ғашықтық дертіне ұшырап, хас сұлудың қыр соңынан қалмай жүргенін естиді.
— Сезімді зорлық қып талап етпейді, мұның махаббат болмай шығады, — деп түсіндіреді.
— Неге? — деп сұрайды шәкірті.
— Ал, егер есігіңді бөтен біреу қағып, шақырылмаған қонақтар тарсылдатып, тез аш деп айғайға басса, не істер едің, өзің айтшы?
— Мен есігімді құлыптап қоямын, — дейді шәкірті.
— Әнекей, көрдің бе, бөтен жүректің есігін қағып әуре болма дегенім содан ғой. Қаққан сайын, ол жүрек саған жабыла береді. Ол «тілеген» қонақ бол. Сонда алдыңда кез келген жүрек ашылады. Адамды адамдығы үшін жақсы көріп үйрен. Махаббат деген ашылмаған әр жүректің, әсіресе көптен бері жабық тұрған жүректің құлпын ашатын кілт қой. Ең бастысы сезімің шынайы болсын. Бір күндік боп қалмасын. Айналаңа қарашы, мына гүлдер аралардың соңынан түсіп жүгірмейді ғой. Ол араны өзіне жұпарымен тартып алады. Махаббат – зәмзәм су. Оған әр адамның жүрегі ашық. Тек сезіне біл.
Аударған Шынар Әбілдә