МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ
Атырауда саяси репрессия құрбандарына арналған мемориалға гүл шоқтарын қою рәсіміне этномәдени бірлестіктер де қатысты.
Сондай-ақ Махамбет ауданының «Бейбарыс» селосындағы қуғын-сүргін құрбандары мен «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне де гүл дестелерін қою рәсімі өтті. Бұл маңызды шараны «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестігі ұйымдастырып, атқарды. Ауданда өткен шараға Атырау облысы ҚХА-ның хатшылық жетекшісі Г.Шакирова, ҚХА-ның этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, ауыл-село тұрғындары, «Оңтүстік Корея» елінен келген қонақтар қатысты.
Сол бір кезеңдегі зобалаң жылдардың қасіретін еске түсіру аяқталған соң Бейбарыс селосындағы Чкалов атындағы мектепте «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестігі мүшелері концерттік бағдарламамен село тұрғындарына демалыс кешін сыйлады. Концертте «Саранг» хорының әншілері, «Сальмунори» барабаншылар тобы, хореографиялық бишілер тобының кіші буыны өнер көрсетті. Осылайша өткен іс-шараның бүгінгі ұрпаққа берер тағлымы мен ғибраты зор болды.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі