Майдангерлердің ұрпақтары марапатталды
Жеңіс күніне орай, Ақбұлым ауылындағы ескерткіш алаңында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты мерекелік іс-шара өтті. Ауыл әкімі Ердос Бейсенов құттықтау сөзімен ашқан іс-шара Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен жалғасын тапты.
Бұдан кейін генерал-майор Рысбек Көшербаев кешегі майдангерлердің бүгінгі ұрпақтарына басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс-қимылдарының ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің «Батыр шапағаты» төсбелгісін табыс етті.
Сондай-ақ, ауыл әкімі Ердос Елібайұлы ардагерлердің ұрпақтарын арнайы Алғыс хатпен марапаттады. Мұнан соң әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасыға азық- түлік үлестіріліп, ауыл тұрғындарына мерекелік концерт қойылды.
«Aq jol»-Аqparat.
Жамбыл ауданы