Майнингке салынатын салықты барынша көтеру керек
Қ.Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Кейбір жасырын майнерлер халықтан да төмен тарифтерді төлеп отырады. Қазақстанға кіргізілетін қондырғылардың баждары мен салықтары төленбейді. Ал, ең бастысы, олар еліміздің ресурстарын барынша пайдаланып, оны басқа юрисдикцияларда ақшаға айналдырады. Қаржылық бақылау агентігінен осы жағдайды тәртіпке салуды сұраймын. Барлық майнингтік фермаларды анықтап, кедендік және салықтық құжаттарын тексеру керек. Техникалық шарттар қандай құжаттардың негізінде берілгенін де біліп алған жөн. 15 наурызға дейін есеп беруді сұраймын. Тағы айтамын, мемлекет заңды түрде тіркелген майнингке қарсы емес. Бірақ осы салада жұмыс істегісі келетіндер тиісті рұқсат қағазын алуы керек. Электр энергияны ойға қонымды тарифтермен төлеуге тиіс. Табысын рәсімдеп, салық аударуы шарт. Жасыл энергетика жобаларын іске қосуы қажет. Майнингке салынатын салықты да көтереміз. Қазіргі бір киловатт үшін бір теңге ставкасы өте төмен болып тұр. Үкіметке қысқа уақыттың ішінде оны бірнеше есеге көтеруді тапсырамын», — деп атап көрсетті.