МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҮРКІСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ДҮРІЛДЕП ӨТТІ
Облыс орталығында «Түркістан – түркі әлемінің жүрегі» атты аудан, қалалардың мәдени күндері аясында Мақтаарал ауданы мәдени күндері өтті. Алғашқы күні аудан өнерпаздарының «Ақ алтынды Мақтааралдан – қасиетті Түркістанға сәлем!» атты шарасы аясында дайындалған «Мырза өлкем – Мақтаарал» қолөнер шеберлері мен суретшілердің және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі көпшілікке таныстырылды. Содан соң «Мақтааралдың мақтаныштары» көңілді тапқырлар клубы өнер көрсетіп, көрерменге жарқын әзілдерімен күлкі сыйлады және қауын жеу бойынша ойын ойнатты.
Рухани-мәдени керуен көшті Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, жауапты бөлім басшылары, ауданның зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары, өнерпаздар бастап келді. Салтанатты шараны Алтын Күнтуқызы ашып беріп, құттықтау сөз сөйледі. Әрі қарай «Ақ алтынды Мақтааралдан – қасиетті Түркістанға сәлем!» атты гала концертіне ұласты. Жас шекарашылар өз өнерін паш етсе, өнерпаздар әсем әндер шырқап, мың бұрала биледі. Шара соңында мерекелік отшашу атылып, ауданның ауылшаруашылық өнімдері тұрғындарға тегін таратылды.
Екі күнге жоспарланған бағдарламаны келесі күні рухани мазмұнға толы бірқатар шаралар жалғай түсті. Мақтаарал аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы дала елі» орталығында Мұхтар Шахановтың 80 жылдығы аясында ақынның шығармашылығына арналған «Ұлтым деп соққан ұлы жүрек» атты әдеби-сазды кеші өтті. Аудан әкімінің орынбасары арнайы қатыстып, жылы лебізін білдірді. Содан соң, «Керуен сарай» туристік кешенінде «Өнерлі өлке өрендері» атты «Ақ алтын» ұлт-аспаптар ансамблінің концерттік бағдарламасы және А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты танымдық кеш, мақтааралдық ақын-сазгер, күйші А. Қызылқұловтың «Өнерім – өмірім» атты шығармашылық кеші өтті. Осылайша Мақтаарал ауданының мәдени күндері өз мәресіне жетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі