МАҚТААРАЛДЫҚ ОҚУШЫ 207 МЕМЛЕКЕТТІҢ АТЫ МЕН ТУЫН ЖАТҚА БІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ОҚУШЫ 207 МЕМЛЕКЕТТІҢ АТЫ МЕН ТУЫН ЖАТҚА БІЛЕДІ

Әр елдің өзінің атауы бар. Көбіне, ол атаулар сол елді құрайтын ұлтқа байланысты қойылады. Ал, олардың шығу тарихы мен мағынасын білу әр адамға қызық. Бұл жайында мектеп қабырғасынан қызығушылық танытып, оны жатқа айта білуде бір өнер десек, ондай дарын иелері арамыздан аз болса да, кездесіп жатады.
Соның бірі – Мақтаарал ауданына қарасты Нұрлыбаев ауылдық округі №26 Ы.Алтынсарин мектебінің 6-сынып оқушысы Әбдіғаппар Бағлан.
Ол дүниежүзі мемлекеттерінің атаулары мен жалауларын жатқа біледі. Бойындағы дарынымен ерекшеленген оқушыны ұстаздары да мақтан тұтады.
Ұстаздарының айтуынша, Әбдіғаппар Бағлан бала кезінен зерек, шет мемлекеттердің астанасы мен атауларын жаттауға 9-10 жасынан бастап қызығушылық танытқан. Содан бері дүние жүзінің картасынан өзі іздене отырып, 207 мемлекетті жаттаған.
Бағланның дарынын алғаш байқаған – өзінің атасы Әбдіғаппар. Немересінің бойындағы ерекшелікті дамыту үшін ол қазір де Бағланның соңынан ерген іні-қарындастарына да осы мемлекеттердің атаулары мен астаналарын орналасқан жері бойынша үйретуді әдетіне айналдырған. Әрдайым немересінің ынта-ықыласын дамытып отыруды қолға алған Әбдіғаппар ақсақал Бағланның бұл ерекшелігін одан әрі дамытып, көпке үлгі болса деген ниетте.
  • Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі