Мақтау сөз айтылса ыңғайсызданып қаласыз ба?

Сізді біреу-міреу мақтап, жақсы сөздер айтып жатса және оны сіздің көзіңізше айтып жатса ыңғайсыз күйге түсесіз. Енді осы мақтау сөзді қалай көтеру керек?

Неліктен мақтау сөз айтылғанда ыңғайсыз күйге түсетініңізді анықтап алыңыз. Егер сіз де сондай адамдардың қатарынан болсаңыз оның айтқан сөздеріне сенбейсіз, сөйтіп бейсаналы түрде айтылып жатқан ақпаратқа назар аудармайсыз. Қошемет сөз айтылғанда оған сеніңкіремеудің бірнеше себебі бар: мүмкін сіздің орныңызда басқа біреу болса бұдан да жақсы нәтижеге жетер ме еді; мақтау айтқан адамның сізге бір өтініш айтқысы келгендіктен, ұпай жинағысы келгендіктен осы іске барып тұрғаны деп ойлау; сарказм немесе оның айтылған мақтауының астарында жаман ой жатыр деп қабылдау. Мақтау сөзге сенбейтін адам өзіне де, мақтау сөз айтқан адамды да бағаламайтынын көрсетіп алады. Қайтсе де оның сөзінен өзге бір астар іздеп, жалтаратынымыз да заңдылық.

Қарапайымдылық: егер мақтау сөзге сеніңкіремей, сол айтылған мақтаудың шын екеніне күмәндансаңыз тағы да бір рет ойланып көріңіз. Қарапайымдылықтың да шегі бар. Кейде тіпті қарапайымдылық сіздің имиджіңіздің құртылуына септігін тигізуі мүмкін. Егер сіз бұған дейін тек мықтылармен, өзіңізбен салыстырғанда күштірек адамдармен санасатын болсаңыз бұл ісіңіздің тек өзіңізге қатерлі екенін ұғыңыз. Өзіңіздің мақтауға лайық қасиеттеріңіз бен жетістіктеріңізді құрметтеуді үйреніңіз.

Сенімсіздік: егер мақтау айтылғанда оның қандай мақсатта айтылып тұрғанын білмегендіктен қабылдамасаңыз, өзіңіздің мәдениетсіздігіңіз бен жаугершілігіңізді көрсетіп аласыз. Бұл жағдайда ол адамды жағымпаз етесіз немесе сіздің алдыңызда өзінің жеке шаруаларының болуы себепті ұпай жинағысы келетіндігіне қарсы тұрғандай боласыз. Иә, ондай нашар әдетті бойында ұстайтын адамдар жоқ емес. Бірақ мақтау айтқан әр адамды айыптай бергеніміз де дұрыс емес. Себебі көпшілік адам өздерінің шын тамсанғандығынан мақтау айтады. Мақтау сөзге күмәнмен қарау адамның өмірге деген жеңіл көзқарасын білдірсе керек.

Мақтау сөзге лайық болу: Егер сіздің тарапыңызға айтылған мақтау сөзден кейін қарсы қошемет сөз айтатын болсаңыз, онда сіздің адамдарға ұнағыңыз келетін қасиетіңіз бар. Сөйтіп, өзіңіздің қандай да бір мықтылығыңыз бен жақсылығыңызды жуып-шайып жібересіз. Егер сіз «Мен мұндай мақтауға лайық емеспін, мұны айтып тұрған адамның өзі сол сөздерге әбден лайық!» дейтін болсаңыз өзіңіздің еңбегіңізді жоққа шығарасыз. Кейін өзге адамдар сіз туралы жақсы ойда болмай жатса таңғалудың қажеті жоқ.

Сол үшін мақтау сөзді өз күшіңізге сенімді екеніңізді көрсететін жатығу деп қабылдаңыз. Өзіне сенімді адам өз құнын біледі және мойындауды бағалайды. Ол айтылған мақтауға ешқашан қарсы шықпайды. Бұдан басқа, мақтау сөз айтылған соң «Рақмет, мұныңызды бағалаймын» немесе «Құрметіңізге рақмет» деп бірден әрі сенімді айтсаңыз басқандай бір себеп-салдарлы ойлардан бірден арылатын боласыз.

Мақтау сөз айтылғанда күлімсіреңіз. Сіздің бір ғана күлімсірегеніңіз сіз туралы жақсы ойдағы адамға жағымды әсерін тигізеді. Ал егер мақтау сөз айтылғанда «ол жағы маңызды емес» немесе «ммм…» дей салсаңыз, алдағы уақыттарда мұндай сөздердің айтылатынын күтпей-ақ қойсаңыз да болады.

Кейбір керек кеңестер:

Іс жүзінде сөйлеңіз. Әңгімеге еш қатысы жоқ сөздер айтып, өзгенің ойын бөлмеңіз.
Мақтау сөзге ешқашан қарсы шықпаңыз. Өзіңізге сенімсіз болып немесе айтылған мақтау сөздің шынайы емес екеніне көз жеткізсеңіз, оған қарсы шығып, мақтау сөзін қабылдамай қоймаңыз. Астарында өзгеше ойлар жатса да мақтау сөз айтқан адамға рақметіңізді айтып қана қойсаңыз жеткілікті.
Одан да көп мақтау сұрамаңыз. Қарапайым тілмен алғысыңызды жеткізіп, өзге тақырыпқа ауыса беріңіз. Тәкаппарлық – адамның өз-өзіне деген сенімсіздігін көрсетеді.
Барлық мақтау сөз сіздің сұлулығыңызға қатысты емес. Есіңізде болсын, мінезіңіз бен қасиеттеріңізге бағытталған мақтау сөз сымбаттылығыңызды бағалаудан да биік.
Егер мақтау сөз айтылғаннан кейін үнсіздік болып, ыңғайсызданамын десеңіз, белсенді түрде сол тақырыпта әңгіме-дүкен құрыңыз. Мәселен, киген көйлегіңіздің әдемілігін айтқан адамға оны қайдан сатып алғаныңызды айтыңыз. Бастысы мақтанғандай болмаңыз.
Мақтау сөзге еш жауап берместен өзге бір тақырыпқа ауыса салуға болмайды. Оның мойындау сөзін елемей қоймаңыз. Міндетті түрде елеп-ескеріңіз.
Есіңізде болсын,ы мақтау сөзді сіз ғана алмайсыз, бәрі де мақтау сөз естіп жатады. Сондықтан қарапайым болып, тақырыптан қаша жөнелмеңіз.


Отбасым-алтын босағам тобынан