МАЛ АЗЫҒЫ МОЛЫНАН ДАЙЫНДАЛУДА
Биыл облыстағы төрт-түлікті азықпен қамтамасыз ету үшін 1,7 млн. тонна пішен, 63,0 мың тонна пішендеме, 491,8 мың тонна сабан, 60,0 мың тонна сүрлем дайындау межеленген.
Бүгінгі күні өңірде 340,2 мың гектар шөп орылса, оның ішінде 120,2 мың гектар табиғи шабындық, 193,3 мың гектар көпжылдық және 27,1 мың гектар бір жылдық шөп орылды.
Жалпы облыс бойынша 1,8 млн. тонна (жоспар – 1,7 млн. тонна) пішен, 64,1 мың тонна (жоспар – 63,0 мың тонна) пішендеме дайындалса, 494,0 мың тонна (жоспар – 491,8 мың тонна) сабан әзірленіп, сабан дайындау жұмыстары жалғасуда. Одан бөлек, қазіргі уақытта сүрлем дайындау жұмыстары басталды. Бүгінгі күні 2,4 мың тонна сүрлем әзірленіп, бұл бағыттағы шаралар жоспарға сәйкес атқарылуда.
Айта кету керек, аймақта өткен жылдан қалған қолда бар мал азығы 926,6 мың тоннаны құраса, оның 879 мың тоннасы пішен, 47,6 мың тоннасы сабан.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы