МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ – ЖАУАПТЫ НАУҚАН
Қыстың қамын ойлаған сарысулықтар жаздан бері мал азығын әзірлеп алуға кірісті. Өз уақытында шөбін шауып үлгеруге әркет жасады.
Биылғы жылы шөп шабу жұмыстарын жүргізуге белгіленген алқап көлемі 43 180 гектарды құрады. Оның ішінде, 5 800 гектары жоңышқа алқабы және 37 380 гектары табиғи шабындық алқап.
Аудан бойынша мал қыстату науқанын өткізу үшін 123,0 мың шөп дайындау жоспары бекітілді.
Бүгінде жоңышқа алқабының 1-ші орымында 5 800 гектар, 2-ші орымда 2 700 гектар, 3-ші орымда 1 500 гектар алқап орылды және 37 380 гектар табиғи шабындық алқап толық орылып аяқталды.
Аудан бойынша 127,0 мың тонна шөп жиналып, жоспар 103,3% орындалды.
Бұдан бөлек, былтырғы жылдан қалған 12,0 мың тонна шөп қоры бар.
Сонымен қатар, 27,0 мың тонна бидай, арпа, мақсары сабандары жиналды.
Шаруалар қыстан малдарын аман-есен алып шығарына, бұл жауапты науқанды нәтижелі әрі жемісті аяқтауға нық сенімді.