Мал дәрігерлерімен кездесті
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аймақтың барлық мал дәрігерлерімен кездесті. Аймақ басшысы кездесу барысында ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері бойынша ұсыныстар айтып, алдарына бірқатар міндеттер қойды.
Кездесудің басында аймақ басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдаған етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасында ветеринарлық қызметтің рөлін жоғарылатқанын атап өтті. Соңғы екі жылдың ішінде облысымызда толықтай жабдықталған 40 типтік ветеринарлық пунктінің бой көтергенін еске салды. Жұмыс осымен тоқтамақ емес, керісінше эпизоотикалық жағдайды бақылауда ұстау үшін мобильдік ветпункттер ашпақшы. Ол үшін облысымызға басқа аймақтардан тәжірибелі мал дәрігерлерін шақыруда.
– Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бұл – ең бірінші міндет, – деді Болат Бақауов. – Мәселенің салдарын шешкенше, алдын алған жеңілірек. Қоғам адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тәуекелдердің жоқтығына көз жеткізуі тиіс.
Әкім ветеринарлардың алдында жеке үйлердегі бруцеллезбен зақымдалған малды сою мәселесін көтерді. Анықталғандай, үй жануарларында қауіпті ауру анықталғанда да жеке үй иелері оларды союға асықпайды. Көбінесе олар ауру мал үшін өтемақы төленгенін күтеді.
– Егер біз мал сойылғаннан кейін бірден, яғни жуықтап 10 күн өткеннен кейін өтемақыны беретін болсақ, ондай жағдай болмас еді, – деді жиын төрағасы. Бүгінгі күні біз мәслихатта бюджеттің бекітілуін күтуіміз керек. Оған көп уақыт кетеді. Бірнеше күн бұрын біз жыл аяғына дейін қажетті бюджетті талқылап, қосымша 8 миллион теңгені өтемақының төленуіне бөлдік. Сол себепті өтемақы тезірек төленетін болады. Сол сияқты біз 2019 жылға да бюджетті қарастыруымыз керек. Егер бұл қаражат жұмсалмайтын болса, жыл аяғанда оны басқа мақсаттарға жұмсай аламыз.
Сонымен қатар жиналыста мал қорымдарын қолданудан ауыл шаруашылығы және үй жануарларының мәйіттерін өртеуге арналған инсинераторларды қолдануға өтуіміз керек. Оның негізгі себебі, қарапайым мал қорымдарының санитарлық нормаларға сәйкес келмеуінде жатыр. Бұз өз кезегінде бақылаушы органдардың ескерту жасауына әкеледі.
– Біз қалай болса да жеткілікті деңгейде жоғары сапалы мал қорымдарын сала алмаймыз. Бір мал қорымы 2 жылдан аз уақытта толтырамыз, – деді Болат Бақауов. Мысалы Кенжекөл ауылындағы жаңа мал қорымы жарты жылда толып қалды! Одан да әр ауданға бір жылжымалы инсинератор алған дұрыс. Ол ветеринарлық пунктте орналасады және қажет болған жағдайда кез-келген ауылдық аймаққа жеткізіледі.
Ветқызметте 6 мамандырылған көлікті алуға өтініш дайындалды. Сонымен қатар ветеринарлар аймақта қолданыста бар 20 стационарлы және бір жылжымалы инсинераторды қолдануға дайын.
Өз тілшімізден.