Мал қыстату қалыпты жағдайда өтуде
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспеновтің жетекшілігімен аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық ветеринария және төтенше жағдай бөлімдерімен, ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып мал қыстату орындары зерделеп, шопандар мен төрт түліктің жағдайын көрді.
Аудан басшысының өкімімен арнайы құрылған жұмысшы тобы «Ақнар» «Көкшұрат», «Тай сойған», «Үмбет», «Шарбақты» сияқты мал қыстату орындарында болып, төрт түліктің қоңы, мал азығы мен қысқы отынмен қамтылуын анықтады.
Сонымен қатар, қыстақтағы азаматтарға қысқы жылыту маусымында қауіпсіздікті қатаң сақтау бойынша нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі