Мал қыстату – маңызды науқан

Табиғаттың тылсым құбылысына шектеу жоқ. Оқыс мінезді «кәрі құданың» кейде тым ертелетіп, ойламаған жерден келіп қалатыны бар. Сондықтан да қыстың көзі қырауда әуелі бастың, одан кейін малдың амандығын ойлаған жөн.

Мал қыстату – төрт түлікті қыстан қысылмай алып шығу ғана емес, төл мен мол өнім алудың да маңызды науқаны.

Қыс – қатал сыншы десек, алдағы жауапты кезеңге барлығы сақадай-сай болып, жем-шөп қоры жеткілікті дайындалып, қора-жайлар жөндеуден өткізілгені жақсы.

Бұл ретте, шаруагерлер қауымын да сынағы көп мұндай қыста ісіне ұқыпты қарап, мал басынан шығын бермеуге жұмылдырылуы қажет.

Осыған орай, тоқталсақ биыл өңірде 504,0 мың бас мүйізді ірі қара, 3376,0 мың бас қой-ешкі, 168,0 мың бас жылқы, 8,3 мың бас түйе қысқа түсті.

Шаруалар малдың қолға қараған мезгіліне арнап алқаптар мен табиғи шабындықтардың есебінен 1,8 млн. тонна пішен дайындады.

Бұл бұрынғы жылдардағы мөлшерден әжептеуір артық.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары