МАЛ ҰРЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕРЕК

Ағымдағы жылдың 2 айы және наурыз айының 25 күні бойынша мал ұрлығының тіркелуі -42,4%-ға (33-ден 19-ға) кеміп, ашылуы 48,6%-дан 70,8%-ға артқан.
Анықтама ретінде: жыл басынан 19 дерек тіркеліп оның 16 дерегі ашылып отыр.
Есептік кезеңде, мал ұрлығын жасағаны үшін 9 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.
Облыс аумағында ұрланған 136 бас малдың (29 жылқы, 25 ірі қара, 81 уақ мал) 59-ы (1 ірі қара, 58 уақ мал) иелеріне қайтарылды.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі