МАЛДАС ҚҰРЫП ОТЫРУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Малдас құрып отырудың бес түрлі пайдасы бар.
Ғалымдар адам тамақ ішкенде малдас құрып отырғаны пайдалы екенін дәлелдеді.
Яғни қазіргідей жаппай үстелде отырып тамақ ішкеннен дастарханды жерге төсеп, малдас құрып отырған әлдеқайда артық екен.
Біріншіден, еденде малдас құрып отыру йогамен айналысқанмен бірдей. Үш — төрт мезгіл осындай күйде дене мен миды босаңсытса, оған аса жағымды жағымды әсер етеді.
Екіншіден, бұл ас қорыту жүйесіне қолайлы.
Адам малдас құрып отырғанда үнемі еңкейіп — тіктелу арқылы құрсақ аумағы бұлшық еттерін қозғалысқа келтіреді. Бұл кезде астың асқазан сөлімен араласуы, оның асқазан мен ішекте дұрыс қозғалуы жақсарады.
Үшіншіден, бұл арқылы дене иілгіш болады, қуаттанады. Тізе, сегізкөз, сан, омыртқа, иық, кеуде қуысы аумақтарының бұлшық еті жұмысын жақсартады.
Төртіншіден, осындай босаңсу арқылы дене мен ми тыныштанады. Адам басқа ойдан арылып, ықыласы тамаққа ауады. Ол тойынғанын дұрыс сезінеді. Өйткені ол тамақты асығыс емес, баяу қабылдайды.
Бесіншіден, ғалымдар тамақты еденде малдас құрып, отырып ішудің отбасылық ынтымаққа тікелей әсер ететініне көз жеткізіп отыр.
Отбасы мүшелері дастархан басында осылай отырған кезде көп ортақ мәселелер жөнінде әңгімелесіп, ақылдасуына мүмкіндік қана емес, жайлы, қолайлы жағдай туындайды екен.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ.