«МАНАС» ЖЫРЫ НЕМІС ТІЛІНДЕ БАСЫЛЫП ШЫҚТЫ

«Манас» эпосы неміс тілінде жарық көрді.

«Қырғыз-неміс дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығы аясында біз ерекше дүние ойлап таптық: «Манас» эпосы неміс тілінде және комикс түріндегі суреттермен безендіріле отырып шығарылды! Қазір ғана бояуы кеуіп үлгермеген алғашқы басылымды қолымызға алдық!» — делінген хабарламада.

«Манас» — тек қырғыз халқының ғана емес, күллі түркі елдердің тарихы мен салт-дәстүрінен, рухани әлемінен мол мағлұмат беретін энциклопедия тектес мұра. Манас батырдың дүниеге келгенінен бастап, бүкіл үрім-бұтағымен жалғасқан батырлық, ерлік дәстүр қоса жырланатын эпос. Онда қазақ халқының тарихына қатысты оқиғалар да кеңінен қамтылған, қазақ жырларымен сарындас тұстары да жетерлік.

 

ҚазАқпарат.