МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫНДА “ЕҢБЕК” БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 20 ТҰРҒЫН 81 МЛН НЕСИЕ АЛҒАН

Маңғыстау ауданы бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында біршама қызметтер атқарылды.

Бүгінде ауданда жалпы 2737 шағын және орта кәсіпкерлік субьект, жұмыс жасап тұрған 2685 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны бар, өсім 1,9%.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы арқылы ауданның шаруагерлеріне биыл 170,0 млн.теңге жоспарланды. Барлық ауыл, ауылдық округтерге ауыл тұрғындарына, кәсіпкерлермен шаруа қожалықтарына қордан берілетін несиелер жөнінде түсінік жүрді. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының мамандары да жекелей түсінік жұмыстарын жүргізді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы басшысы, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, «Атамекен» аудандық филиалының маманы, «Жұмыспен қамту орталығының» маманы барлық ауыл, ауылдық округтерге ауыл тұрғындарына, кәсіпкерлермен шаруа қожалықтарына қордан берілетін несиелерді алу бағыты мен құжат жинау барысын үнемі түсіндіріп отыр.

Бағдарламаға сәйкес жинақталған құжаттар қаржы беру ұйымына жолдануда, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілетін құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетілуде.

Бірінші жартыжылдыққа жоспар 76,5 млн.теңге болса, бұл жоспар артығымен орындалып, 20 адам 81 млн.теңге несие алған. Есепті кезеңге жоспар орындалысы 105,9 пайыз. Несие алғандардың дені аудан орталығының тұрғындары, Ақшымырау, Онды, Өтес, Үштаған, Шебір ауылының шаруагерлері де бағдарламаның шапағатын көрген.

МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ