МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЭПИД АХУАЛ БОЙЫНША ОНЛАЙН БРИФИНГ
Маңғыстау ауданында эпидемиологиялық жағдай өзгермелі болып отыр. Аудан бойынша барлығы 71 жағдай тіркелген.
Инфекционный стационарда- 3 науқас, Провизорда- 53 науқас ем қабылдауда.Ем алып шыққаны -28 науқас,науқастармен байланыста болғандар саны-226 адам.
Үй карантинінде карантин-33 жағдай тіркеліп, үй жағдайында аталған азаматтар ем қабылдауда.
Соңғы уақытта сырқаттар саны артқаны байқалуда. Осыған қатысты бірқатар қиындықтар да орын алуда. Арнайы дайындалған орталықта орын тапшылығы кездесуі мүмкіндігі, сондай-ақ кейбір қажетті дәрі-дәрмектің де жетіспеушілік жағдайлары бар.
Маңғыстау облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес, аудандағы мекемелердің қызметкерлері көпшілігі қашықтықтан жұмыс жасауға көшті. Қауіпті дерттен сақтанудың ең бірінші талабы жеке бастың гигиенасы, халық шоғырланған жерде маска тағу, антисептик пайдалану, той садақа, қонаққа бармау, жанұялық шаралардан бас тарту. Жұмыс орнында, дүкендерде, базарда санитариялық талаптарды сақтау, сақтану.
Маңғыстау ауданында ТЖ кезінде көрсетілген көмектер
ҚР-да төтенше жағдай туралы хабарландыру басталғаннан бері аудан әкімдігі халықтың кедей, мұқтаж топтарына мынадай көмектер көрсетілді:
1. Маңғыстау ауданы бойынша кірісін жоғалтқан 5 мыңға жуық адамға 42 500 теңге;
2. Мүмкіндігі шектеулі 2284 адамға 5567 теңгеден 12 715 028 теңге;
3. Коммуналдық қызметтерді өтеу бойынша тиесілі санаттағы 2731 тұлғаға сәуір айы үшін 40 972 500 теңге қаржы төленсе, мамыр айында 3104 өтініш қанағаттандырылып, жалпы соммасы 50 707 500 теңге қаржы төленді. 4. Біз біргеміз акциясы шеңберінде жергілікті кәсіпкерлер демеушілігімен көмек қажет ететін отбасыларға азық-түлік жиынтықтары жеткізілді.
Республикалық деңгейде төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап Маңғыстау ауданы бойынша COVID-19 індетінің алдын-алу және сақтану бағытында әлеуметтік желілерде, Фейсбук, Инстаграмм желілерінде 10 мыңнан аса материал, 300-ге жуық бейнероликтер, «Маңғыстау» арнасында 12 хабар, «Жаңа өмір» газетінде 65 мақала жарияланды. Аудан аумағында 4 билборд ілініп, ауыл және ауылдық округтерде еріктілерді тарта отырып,
7000 нан аса жадынамалар таратылып, 1000 нан аса түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дыбыс күшейткіш құралдары арқылы ауданға қарасты барлық ауылдық жерлерде жерде тұрғындарға хабарландыру жіберіліп отырды. Төтенше жағдай кезеңінде тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беретін арнайы «CALL» орталығы жұмыс жасады. Орталыққа 700 ден аса сұрақ келіп түсіп, мамандар тарапынан толықтай жауап берілді.
Ауданда құрылған мобилдік топ мүшелері тұрақты түрде адам көп шоғырланатын жерлерде, кәсіпкерлік нысандарда рейдтік шаралар жүргізіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жағдайдың маңыздылығын ескере отырып Сіздерден, барынша сақтық шараларын сақтауыңызды, көпшілік отбасылық мерекелерді, ас — садақаларды тоқтата тұруды, адам қазасы болған жағдайда барлық кәделерін топтастырып бір күнге жинақтап өткізуді ұсынамыз. Сіздерден сұрарымыз, төтенше жағдай кезінде барынша сақ болып, рұқсат етілмеген әрекетке бармайық.. Тек осы бір өтпелі кезеңнен бас аман, бауыр бүтін болып өтейік «Сақтансаң, сақтармын» деген сақтық шараларын мейлінше ұстанғанымыз абзал. Бастысы халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!
МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ