МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА 8 АДАМ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНЕН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Бүгін Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының инфекциялық бөлімшесінен коронавирус індетінен 8 адам емделіп шықты. Олар Қарақия ауданы Сенек ауылының 1989, 1996, 2014, 1994, 2012, 2006, 2005, 2018 жылғы тұрғындары. Бұл  8 азамат 29.04.2020 күні COVID-19 індетінің белгілерімен ауруханаға түскен болатын. Науқастар барлық ем-шараларын қабылдады. Бекітілген алгоритм бойынша 12.05.2020 күні олардан соңғы рет талдау нәтижелері алынып, бойларында вирустың жоқтығы белгілі болды. Дәрігерлердің мәліметтері бойынша, қазіргі таңда емделіп шыққан  тұлғалардың  жағдайы жақсы.