МАҢҒЫСТАУ ТҰРҒЫНДАРЫНА ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ УАҚЫТЫЛЫ ЖІБЕРІЛУДЕ

Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, төтенше жағдайлар туралы уақытылы хабарлау және ескерту мақсатында «дауылды ескертуді» облыс тұрғындарына ұялы байланыс операторлары арқылы СМС-хабарламалар жіберіледі. Барлығы 89 «дауылды ескерту» смс-хабарлама, оның ішінде 4 «Covid-19» туралы жіберілді.

Оның ішінде: көктайғақ-23, қар-3, тұман — 58, жел — 42, шаңды боран — 10, жаңбыр — 12, найзағай — 17, бұршақ – 4.

Барлығы Кcеll, Beeline, Tele2, Altel сияқты 800 мыңнан астам ұялы байланыс абоненттері қамтылды.

 

МО Қоғамдық коммуникациялар орталығы