Маңғыстауда «OMV Petrom S.A.» мұнай компаниясымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімге қол қойылды
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында өңірлік кәсіпкерлер Палатасының алаңшасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «OMV Petrom S.A.» компаниясымен бизнес-кездесу болып өтті.
Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеев, Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Жылқыбаев, кәсіпкерлер Палатасы, «Kazakh Invest» ҰК АҚ өңірлік өкілдігінің басшылығы, мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде Нұргүл Жанназарова кездесудің қонақтары мен қатысушыларын таныстыра отырып, Агенттіктің қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру мен кәсіперлік субъектілерін қорғауға қатысты Агенттік қызметінің жаңа басымдықтарын баса айтты. Спикер бизнес-кездесу шеңберінде инвесторлар мен кәсіпкерлерді белсенділік танытып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты қолдауға шақырды.
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Сакеев өз кезегінде Маңғыстау облысының әкімдігі Агенттіктің бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша бастамасын қолдайтындығын және әкімшілік кедергілер анықталған жағдайда оларды азайту бойынша өзара іс-қимылға дайын екендіктерін жеткізді.
Өз кезегінде департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Ербол Жұмабай көрнекі құралдарды пайдалана отырып, «Protecting business and investments» жобасын таныстырды. Сонымен бірге жобаның мақсаты мен міндеттеріне, жоба шеңберінде келіп түскен өтініштерге және 2018 жылдың қорытындыларын айтып өтті.
«OMV Petrom S.A.» компаниясының басқарушы директоры Дорин Бару өңірдегі мұнай саласын дамыту перспективалары туралы айта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жоба шеңберінде өзара ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.
Кездесу аумақтық департамент пен «OMV Petrom S.A.» мұнай компаниясы арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімге қол қоюмен аяқталды.
Айта кету қажет, облыста жалпы құны 1 трлн 258 млрд 610 млн 212 мың теңгені құрайтын 18 компанияның жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жүзеге асырылуда.